Су басып қалудың алдын алу мен ескерту шараларын жүргізу мақсатында Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары өзен арналарын тұрмыстық қалдықтардан, тұнбалар мен құмнан тазалау жұмыстарын жүргізді. Наурызбай ауданындағы Жандосов, Проектируемая көшелері, Қалқаман шағын ауданынан Алтыалаш шағын ауданына дейінгі аралықтағы Қарғалы, Тастыбұлақ өзендерінің арналары тазаланды. Жалпы мөлшері 72м3 тұрмыстық қалдық, тұнба мен құм шығарылды.

Өзен арналарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау және су ағындарын тоқтаусыз өткізу үшін аталған іс-шараларды Алматы қаласы Құтқару қызметінің төтенше жағдайларды жою мен алдын алу бөлімі тұрақты түрде жүргізетін болады. Ол үшін жеке құрамның алты қызметкері мен үш арнайы техника тартылған.

4956aa8e d1cf 4669 8332 400c983c58b7ca2b78f5 a5ac 4e5d bd2d ed06d1a4dadc

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23