2020 жылғы 20 қыркүйек 13 сағат 36 минутта 109 - Құтқару қызметіне «Фурманов» шыңынан тоғыз жасар баланың жоғарыдан төменге құлағаны туралы хабарлама болған.

Жедел түрде апаттан құтқару отрядының құтқарушылар экипажы мен Жәдел жәрдем бригадасы және Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы жөнелтілген.

Көлікпен оқиға орнының жартысына жеткен Құтқарушылар тау жолының тарылуы мен күрделі болуына байланысты көліктен түсіп, «Фурманов» шыңына жаяу көтерілген.

Оқиға орнына жете салысымен құтқарушылар алғашқы қажетті көмекті көрсеткен, зақымдалған оң жақ қолына шынтақ бөлігінің сынуы деген күдікпен дәрігерлік шиналар қойылды.

Бұдан әрі құтқарушылар зардап шегушіні жәдел жәрдем автокөлігіне жеткізген.

Құтқару операциясы 18 сағат 20 минутта аяқталған. Алайда бетон қоршауларының жанында қойылған «Тойота» жеңіл автокөлігі жедел жәрдем көлігінің жолын бөгеген.

Бұл жағдайда да Құтқару қызметінің құтқарушылары көмекке келді, олар тросты жалғап, бетон қоршауын жылжытып, жедел жәрдем көлігіне жол ашты.

Әрі қарай дәрігерлер баланы Балалардың шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді.

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23