109 бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызмет ақпараты бойынша 2020 жылдың көктемінен 28 қыркүйекке дейін Алматы қаласы Құтқару қызметінің құтқарушылары таулы жерлердегі шақыруларға 37 рет барған. Жоғары тау биігінде 4 адамды құтқарып, бір қайтыс болған туристі тасымалдаған. Жалпы алғанда осы кезеңде құтқарушылар 68 адамды құтқарған.

Өткен жексенбі 27 қыркүйек күні 15 сағат 30 минутта 109 - Құтқару қызметіне 55 жастағы әйел адамның «Медеу» спорттық кешенінің жанындағы «Горельник» сарқырамасы ауданында аяғын шығарып алғаны туралы хабарлама келген. 109 қызметінің кезекшісі оқиға орнына 5 адамнан тұратын экипажды жөнелткен.

Оқиға орнына жетісімен құтқарушылар «Горельник» сарқырамасына қарай жаяу көтерілген, теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте әйел адамды байқаған. Әйелдің сол жақ аяғы жарақаттанып, жіліншігі шыққан. Әйелге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, альпинистік жабдықтың көмегімен жәдел жәрдем көлігіне қарай жеткізілді. Жәдел жәрдем көлігі жарақаттанушыны №4 қалалық емханаға жеткізді.

Осы жағдайларға байланысты «Алматы қаласының құтқару қызметі» тауға шығатын азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Әсіресе жас ерекшеліктеріне, физикалық дайындығына, денсаулығына қарай әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін.

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23