Қалалық құтқару қызметінде Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған ашық есік күні өтті

Құтқарушылар барлық ниет білдірушілерге өздерінің жұмыстары туралы айтып,  арнайы техника паркі бойынша саяхат жүргізді ал кейбір жабдықтарды іске қосып көрсетті сонымен қатар әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы айтты. Ең көп қызығушылық танытқан мектеп оқушылары болды, олар көптеген сұрақтар қойып, жабдықтарды киіп көрді.

– Біз жылсайын ашық есік күндерін өткіземіз,  мақсат – барлық ниет білдірушілерді құтқару жұмысымен таныстыру және ТЖ кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы тағы бір  ескерту. Бізге негізінен мектеп оқушылары келеді,- деді Қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гауһар Нөкербекова.

Ашық есік күні  шеңберінде Қызыл Жарты ай Қоғамының шақыртылған  қызметкерлері «Орталық Азия күйзеліссіз» жобасын таныстырды. Оның мақсаты –Алматылықтарға жер сілкінісі кезіндегі қажетті іс-қимылдарды үйрету. 

Елена СОКОЛОВА

Источник: Газета “Вечерний Алматы”