ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

Өрт шыққан кезде төмендегідей әрекеттерді орындау қажет:

–              шағын өрт көздерін бірден, су құя отырып, құм, топырақ себумен, брезенттің кесектерімен жабумен, аяқ-киімнің табанымен басумен, сулы шүберектермен, шоқ бұталармен қағумен, тіпті болмағанда киімін шешіп, отты өрт ошағына қарай қағумен өшіру, шала жанып үлгерген ағаштарды өрт болған жаққа қарай жығу.

–              дүрбелеңге салмау, арпалыспау, оттан қашып кетуге тырыспау;

–              жағдайды жылдам, алайда мұқият талдап, эвакуациялау жолын белгілеу, ол үшін сол жердегі ең жоғары нүктеге көтеріліп не биік ағашқа шығып жан жағын мұқият шолып шығу;

–              өрт ошағының шекарасын, желдің бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, таралу бағыты мен жуықтап алынған жайылу жылдамдығын анықтау;

–              өрттен өсімдігі жоқ аралға барып не таяз суға түсіп, саздың жалаңаштанған бөлігіде не орман деңгейінен жоғары қыраттың жартастық шыңына шығып тасалану;

–              өрттен өрт ошағын сырт айналып өтуге және оның сырт жағынан енуге тырысумен жел келетін жағына қарай кету (яғни желге қарай кету);

–              Егер сіз өрттен кете алмасаңыз, онда өрттің майданы жақындаған кезде суға жатып не киіміңізді жақсылап сулаңыз, ал таяз суда алдымен жатын қабы мен киімді сулап алып денеңізді басыңызбен бірақ соған тығып ораныңыз; бетіңізге көп қабатты таңғышты – дәкенің, бинттің не мақта-матаның қиындысынан жасалған бетпердені киіп алыңыз, оны мерзімді түрде сулап отырыңыз;

–              Егер өрт сусыз жерде шыққан болса, ашық кеңістікке (алаңқайға, үлкен далашық) шығып, жоғары температура кезінде тез тұтанатын синтетикалық киімді шешіп, үлкен алаңды жапырақтан, шөптен, бұталардан тазартып алуға, ылғал топыраққа мүмкіндігінше үлкен тереңдікке көміліп, үстіңізге топырақ төгіп, тыныс алу жолдарын маталы дәкемен қорғап, ал дене бөліктерін сулы матамен орап тастауға тырысу керек;

–              Егер сіз ормандағы өртті сөндіру тобының құрамында болсаңыз, өз міндеттеріңізді нақты біліп, өрттен тасалану орындарын және соларға қозғалу жолдарын жақсы біліп қажет.

Қорғағыш киім, аяқ-киім, дулығалар, тыныс алу органдарын қорғау құралдары қолданылуы тиіс. Әр топта жергілікті жерді жақсы білетін жолсерік болуы тиіс;

– ірі өрттерді сөндіру үшін күш пен құралдар жеткіліксіз болған жағдайда қарама-қарсы от жағады;

– жергілікті өртті сөндіру кезіндегі негізгі ереже – өте абай болу және барлығын алдын-ала болжай білу, үнемі түрде бір-біріңіздің көрінімділік аймағында болу.

Халық тығыз орналасқан қала ауданындағы өрт кезіндегі әрекеттер

Халық тығыз орналасқан қала ауданындағы қалыпты өрттің өзі өзінің қайғылы зардаптары бойынша ең үлкен орман өртінен анағұрлым қауіпті болып табылады.

Бұл жанып жатқан панажайлардың тұйықталуымен және сонымен байланысты адамдардың шектен тыс мөлшерде тығыз шоғырлануымен, дүрбелеңмен, адамдардың бір-біріне соқтығысып қысылуымен, өрттің тігінен (қабаттар бойынша) таралуымен, синтетикалық заттар жанған кезде бөлінетін улы заттармен түсіндіріледі.

Өрттің себептері әдеттегідей: балалардың отпен ойнауы, мас күйінде шылым шеккен кездегі абайсыздық, тұрмыста ақауланған электраспаптарын пайдалану, газ плиталарын, жылытқыш аспаптарды қараусыз қалдыратын үй иелерінің ұмытшаңдығы, электр сымдарының асқын жүктемеленуі және т.б.

Әсіресе коммуналдық желілерге толы заманауи көп қабатты ғимараттардағы өрттер қауіпті, мұндағы бір қабатта туындаған өрт көбінеки өрттің тұзағына түскен адамдарды содан құтылып кету мүмкіндігінен айырумен өзге қабатитарға тарап отырады.

Кез келген желдету жүйесі, лифтінің шахтасы не қоқыс құбыры пештің түтін мұржасы тәрізді оттың күшеюіне ықпал етуі мүмкін.

Өрт жоғары температурасымен, түтінімен, көміртегі тотығының (оксидінің) шоғырлануымен, конструкциялар мен ғимараттардың қирау ықтималдығымен қауіпті. Өрт кезінде адамдар негізінен жалыннан емес, түтіннен қаза болып жатады.

Сол себептен пәтерде не үйдің өзге жерінде өрт шыққан жағдайда төмендегідей шараларды қабылдау қажет:

  1. Жаңадан туындап келе жатқан жалынды ол әрі қарай жайылып кетпей тұрғанда краннан аққан судығ гүл құмыраларындағы топырақты қолданумен, нығыз матамен жабумен не қағумен өшіріп тастау.
  2. Өрт сөндіру қызметіне 01 телефоны бойынша, ненің және қай жерде жанып жатқанын, өрт болған жерге қалай келуге болатынын, өз тегі мен телефон нөмірін бірден хабарлау, өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін қамтамасыз ету.
  3. Шатырға шығып және сол жерде отырып көмек күту не егер өрт сізді саты арқылы далаға шығу мүмкіндігінен айырумен төменгі қабаттарда өршіген болса көршілес подъездің сатысы арқылы түсіп кету.
  4. Жанып жатиқан панажайлар арқылы өткен кезде міндетті түрде киіміңізді ауыстырыңыз, балқып кеткен синтетикалық киімді шешіп, оны жүннен тоқылған не мақта-матадан тігілген киімге ауыстырыңыз. Артынша үстіңізге су құйып, басыңызбен қоса бүркеніңіз (пальтомен, жамылғымен, нығыз мақта-матаның жыртысымен); тыныс алу жолдарын сулы матамен қорғаңыз, тынысыңызды барынша қалпына келтіріп және, толық тыныс алып, жалынның шарпуына жол бермеу үшін, оттың өтпе желден қорек алуына мүмкіндік бермей, оттегінің келу жолын жабумен сыртқа шығып есікті бірқалыпты және баяу жабу.
  5. Іші қою түтінге толған панажайда еңкейіп не тіпті еденге бетіңізді жақын ұстап (еңбектеп) қозғалыңыз.
  6. Егер сіз ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде орналасқан бөлмеде жүрген болсаңыз, ал баспалдақ алаңшасы мен дәлізді от шарпыған болса, барлық крандарды ашып, шелек не басқа ыдыс алып, кіретін және балкондық есіктерді екі жағынан сулап шығыңыз, оларға сулы көрпе не өзге түрдегі матаны іліп қойыңыз; киіміңізді сулдап, жаныңызға су мен сулы шүберектерді көптеп жинап қойыңыз, мұрныңыз бен аузыңызды сулы матамен қорғап және қасыңыздағы адамдардың барлығын өзіңізбен бірге балконға не лоджияға ертіп шығыңыз. Ал келіп жеткен өрт сөндірушілерге сіздің төмен қарай түсуіңізге көмек көрсету ғана қалады. Тоғыз және одан көп қабатты биік үйлерде бесінші қабаттан бастап және одан жоғары арнайы сатылар орнатылған, олар балконнан балконға, лоджиядан лоджияға ауысып отырады. Олар арқылы тек жоғарғы қабаттардан төменгі қабатарға түсумен кетіп отыру керек, себебі от әрдайым төменнен жоғары қарай жанады.
  7. Егер сіз пәтерде қамалып қалған болсаңыз, ал балкон не лоджия жоқ болса, бұл жағдайда дереу түрде терезелерді ашып көмекке шақырыңыз. Сізді төмендегілердің байқап және түсінгеніне көз жеткізе салысымен өзіңізбен барлығын ертіп жуынатын бөлмеге кете беріңіз. Жуынатын бөлменің есігін нығыздап бекітпесінен жауып алыңыз да суды ашыңыз. Қолыңызға түскен шүберектердің барлығын – ким-киім-кешекті, сүлгіні және т.б. сулаңыз. Тыныс алу органдарын тезірек сулы матамен жауып байлап алыңыз. Су құйылған былауға жатыңыз, алайда суы салқын болуы тиіс, бұл сіздің ағзаңызды қызынудан қорғайтын болады. Есіктегі қуыстарды сулы шүберектермен қымтап тастауға тырысыңыз. Артынша есікке су құя бастаңыз. Жуынатын бөлмеге түтін бәрібір енетін болады, алайда ол желдету тесігі арқылы шығып отырады. Және егер де сіз дүрбелеңге салмасаңыз, жігеріңізді жоғалтпасаңыз, барлық ұсыныстарды сауатты және дәл түрде орындап шықсаңыз, пәтер толығымен жанып кеткеннің өзінде құтқарылу кепілдігіне ие боласыз.
  8. Шатырдың астында не жертөледе өрт туындаған жағдайда өрот сөндірушілерді шақыртып және олар келгенше оттың қарқынын басу үшін барлық терезелерді, есіктерді, люктерді жауып шығу.
  9. Барлық жағдайларда өрт басталған кезде электр желісін токтан ажырату, үйге енетін газ құбырларын жабу, тез тұтанатын заттар мен сұйықтарды алыстату, жана бастаған электр сымдарын абайлап сөндіру, оны ажырату үшін құм мен құрғақ шүберектерді ғакна қолдану, солармен жалынды басып және тогын ажыратып алғаннан кейін ғана су мен көбіктік өрт сөндіргіштерді пайдалану.
  10. Жанып жатқан панажайға сақтандыру белдігін тағып кіру.
  11. Өрттің ішінен адамдарды іздеген кезде дауыс беріңіз.
  12. Есіңізде болсын, балалар қорқаннынан төсектің астына, шкафтарға, бұрыштар мен өзге де таса жерлерге жасырынады.

Төмендегідей әрекеттерді орындауға болмайды:

– егер үстіңіздегі киіміңіз жана бастаса, жүгірмеңіз, бұл өртті күшейте түседі, жалынды үрлеп тұтатады; одан да

киіміңізді шешіп не еденге жығылып және аунаумен жалынды сөндіріп не жанып жатқан бетке нығыз матаны, пальто, жамылғы жауып қою;

–  үйде, пәтерде өрт шыққан жағдайда түтіннен құтылу үшін терезенің желдеткішін ашпаңыз – өтпе жел жануды күшейте түседі;

– көп қабатты үйде өрт шыққан кезде төменге түсу не жоғары көтерілу үшін лифтіні қолданбаңыз, ол кез-келген уақыттаөлім әкелетін қақпанға айналуы мүмкін, себебі өрт электржелілерінің тұйықталуына әкеп соқтырады, содан кейін лифт қабаттардың арасында тоқтап қалады; оған қоса, лифтінің шахтасы түтін шығарғыш мұржа режимінде жұмыс істеумен жылдам түтінге толып кетеді;

– дүрбелеңге салуға және қорқыныш сезіміне берілуге,  көп қабатты ғимараттың жоғарғы қабаттарынан төмен секіруге.

Зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсету:

Зардап шеккен адамға ең жақсы көмек – дереу түрде 03 телефоны бойынша жедел жәрдем қызметін шақырту.

Күйіп қалған жағдайда – зардап шегушіні өрт шалған аймақтан шығарып әкету.

Жанып жатқан киімді жерде жатқан адамның үстіне көрпе не өзге түрдегі тығыз материалды жауып басып ұстаумен сөндіреді. Күйіп қалған жерін сумен салқындатады.

Күйіп қалған зардап шегушіге көмек көрсеткен кезде адамның үстіндегі киімді қиып алады, денесіне жабысып қалған киімнің бөліктерін сыдырып алмайды, оны жан-жағынан кесіп алады және жараның бетіндегі киімнің бөліктерін сол күйінде қалдырады, күлбіреулерді жармайды. Күйген беттерді әтірге, спиртке, марганецтің қою ерітіндісіне шыланған таза матамен жабады. Денесі қатты күйген зардап шегушіні жаялыққа орап, денесін жылылап жабады, ыстық сұйықты ішкізеді.

Жану өнімдерінен уланған зардап шегушіні таза ауаға шығарады, емін-еркін тыныс алуына жағдай тудырады. Жүректің тоқтап қалуымен байланысты ерекше ауыр жағдайларда жүректі жабық түрде уқалайды және өкпені жасанды тыныс алдыртады.

Өрт сөндірудің бастапқы құралдары:

Оларды өрттің ең бастапқы кезеңінде не өрт сөндіру командалары келіп жеткенше оттың жайылуын шектеу үшін қолданады. Олар: өрт сөндіргіштер, су құйылған бөшкелер, құм салынған жәшіктер, киіз, ішкі өрт сөндіру крандары, сондай-ақ өртке сөндіру керек-жарағы  (сүймен, ілгек, күректер, балта, шелек, сатылар және т.б.).

Өрт сөндірудің ең жақсы құралы бұл су. Суға кір жуу ұнтағын аздаған мөлшерде қосу (4-6%) оның өрт сөндіру қасиетін күрт арттырады.

Аз мөлшердегі төгілген жанып жатқан сұйықты сөндірудің ең қарапайым құралына құм жатады.