СЕЛ ЖЫЛЖУ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

Сел жылжу қаупінің белгілері:

  • сел жылжу қаупі бар бассейнде ұзақ мерзімді нөсер жаңбырлардың жаууы;
  • сел жылжу қаупі бар өзендердің сағасында ауа температурасының күрт және ұзақ уақыт көтерілуі, бұл морена көлдердің ернеуінен асып толуын және олардың жағадан асып ағу қаупін тудырады;
  • көлдегі су деңгейінің күрт төмендеуі не соның бетінде көл дамбасының жарылуын білдіретін шұңғымалардың түзілуі;
  • көл дамбасының қирауына әкеп соқтыратын жер сілкінісі.

Сел жылжудың тікелей және жақын жерден қауіп төніп тұрғандығының белгісі:

  • сел қаупі бар сағадағы ағынның тоқтап қалуы не күрт азаюы, бұл морена-мұздық кешенде судың толып қалғандығын білдіреді;
  • сел қаупі бар сағаның бастауында гуілдеген дыбыстың естілуі;
  • топырақтың сел тасыған тастардың соққысынан дірілдеуі;
  • батпақ шаңының бұлтының пайда болуы, ол сел тасқыны алдындағы соққылық толқыннан түзіледі;
  • судың жоғары мөлшердегі лайлануымен сипатталатын сел алдындағы су басулардың қалыптасуы.

Сел қаупі бар аудандарда жүрген кездегі қауіпсіздік шаралары:

  1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларды әрдайым тыңдап отырыңыз.
  2. Егер сел қаупі бар бассейннің бастауында қарқынды нөсер жаңбыр байқалған болса, сел қаупі бар арнадан кетіңіз.
  3. Жылжып келе жатқан сел ағымына 50-70 м-ден жақын жақындамаңыз.
  4. Жартастар мен тік баурайлардың маңына тоқтамаңыз, себебі сел жүрген кездегі дірілден топырақ құлап не тастар құлай бастауы мүмкін.
  5. Сел арналары бойынша адамдардың арасында кемінде 20-30 м арақашықтық қалдырумен қозғалып отырыңыз.
  6. Сел қаупі бар арналардың маңында, көл дамбалары мен солардың түбінде тынығуға тоқтамаңыз және палаткалық лагерь құрмаңыз.
  7. Сел ағымының белгілері анықталған жағдайда арнадан тау беткейлері бойынша дереу түрде мүмкіндігінше алыс қашықтыққа кетіңіз.
  8. Сел ағымы жүрген кезде сел арнасына түспеңіз, себебі оның артынан кезектік сел жүруі мүмкін.
  9. Сел жүріп өткеннен кейін арнаға түскен кезде және сол арқылы қозғалған кезде, әсіресе селдік ойықтар мен арықтар орналасқан телімдерде барынша абайлылық сақтаңыз.
  10. Морендік-мұздық кешенінде сел ағымдарының туындау қаупі болмаған жағдайда не ықтималдығы төмен болған жағдайда, ауаның теріс таңбалы температура жағдайларында болуға және сол арқылы қозғалуға кеңес беріледі.
  11. Көлдердің тұрақсыз жатқан кескіндермен құрылған, сондай-ақ жылжып бара жатқан мұз тауынан не қар көшкінінен түзілген бөгеттері бойынша қозғалуға.

 

Тұрғын халықты жақындап келе жатқан сел көшкіні туралы хабардар еткен жағдайда, сондай-ақ оның алғашқы белгілері байқала бастаған кезде мүмкіндігінше тез арада панажайдан кетіп, қауіп жайлы айналасындағы адамдарды ескертіп және қауіпсіз жерге шығып кету керек. Өрт шықпау үшін үйден шығып бара жатып пештерді ажыратып, газ крандарын жауып, жарықты сөндіріп және электраспаптарын ажыратып кету керек.

Еңбекке жарамды тұрғындардың барлығы плотиналар салуға, үйінділер жасауға, жаба құруға, су бұру арналарын қазуға ат салысуға міндетті.

Кімде-кімді жылжып келе жатқан сел ағыны әкете бастаған жағдайда зардап шегушіге қолда бар құралдардың барлығымен көмек көрсету керек. Ондай құралдар ретінде сырықтарды, арқан не жіптерді қолдануға болады, оларды құтқарушылар береді. Құтқарылып жатқан адамдарды сел ағымынан ағымның бағыты бойынша біртіндеп соның жиегіне қарай жылжумен шығарып әкету керек.

Сел жылжу қаупі бар өзендердің маңында тұратын тұрғындарға сел жылжыған жағдайдағы өз әрекеттерінің жоспарын алдын-ала ойластырып қою қажет. Сел жылжу қаупі орын алатын кезеңде (мамыр – қыркүйек) құзырлы органдардың тиісті хабарламаларын мұқият тыңдап отыру қажет. Сел жылжу қаупі төнген кезде келіп түскен сигнал (хабарлама) бойынша дереу түрде арнайы белгіленген бағыттар бойынша өзімен бірге қажетті құжаттары мен бағалы заттарын алумен көшу керек. Қозғалу бағыты мен жиналу орындарын ТЖ аудандық бөлімдерінен және тұрғылықты жері бойынша өз ПИК-тен біліп алу керек.

Әркімнің ең алдымен үйде және жұмыста өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нақты шараларды әзірлеп алуы қажет. Ол үшін сел жылжу (су ) кезіндегі отбасылық әрекеттер жоспарын құрыңыз, онда сіз мынадай деректерді көрсетуіңіз керек:

  • жедел медициналық жәрдем қызметінің, өрт сөндіру және апаттық қызметтерінің, пәтер иеленушілері коопертивінің (ПИК), ТЖ бойынша кезекші басқарманың, ТЖ бойынша аудан бөлімінің телефондары мен мекенжайлары туралы ақпаратты;
  • жақын таныстарының, туыстарының, апат аймағының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерде болуы мүмкін тұлғалардың тегі, мекенжайлары, телефондары;
  • отбасы мен көршілерімен үйлестіру мен өзара әрекеттесу жоспары, сонымен қатар әр отбасы мүшесі (әсіресе балалар) ол үйге келе алмайтын жағдайда қайда баруы тиіс екенін білуге міндетті;
  • сіз 3-5 күн дербес түрде күн кешкен жағдайда қалай амалдайтыныңызды көрсетіңіз;

Отбасылық жоспарды төтенше жағдайлар кезіндегі балаларыңызды бала-бақша мен мектепте жинау және шығарып әкету жоспарымен, сондай-ақ өзге отбасы мүшелерінің әрекеттер жоспарларымен келісіңіз. Оған қоса, сіз мынаны нақты білуге тиіссіз: яғни сіздің балаларыңыз мектепте ата-аналары келгенше қаншалықты ұзақ уақыт қауіпсіз жағдайда болатынын, мектеп қираған жағдайда балаларыңызды қайдан алып кетуге болатынын, егер ата-аналары келе алмаса, балалары қайда болатынын.

Мынаны білу қажет: аудандағы жақын жердегі панасыз қалған тұрғындардың жиналу орындары, санитарлық шығындар (зардап шеккен тұрғындардың) орындарының, қайтарымсыз шығындардың, жиналатын эвакуяциялау орындарының қай жерде орналасқанын.