ЛАНКЕСТІК АКТ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

Тұрғындардың ланкестік актілердің орын алу қаупі мен олар жүзеге асырылған жағдайдағы әрекет ету ережелері мен тәртібі.

Ланкестік актілердің жүзеге асырылу қаупі орын алған жағдайдағы қауіпсіздік шаралары.

Айналаңыздағы күдік тудыратын заттарға аса мұқият болыңыз. Оларға тимеңіз. Ондай заттар туралы құзырлы органдарға хабарлаңыз.

Егер Сіз қоғамдық көліктен ұмыт қалған не иесіз қалған затты тапқан болсаңыз жаныңыздағы адамдардан сұрастырып біліңіз. Оның кімнің заты екенін не оны кімнің қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге  (машиниске) хабарлаңыз.

Егер Сіз үйіңіздің подъезінде күдік тудыратын затты тапқан болсаңыз, көршілерден сұрастырып көріңіз, мүмкін ол зат солардікі болар. Егер иесі анықталмаса, тапқан затыңыз жайлы дереу түрде Өзіңіздің милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.

Егер Сіз күдік тудыратын затты мекемеде таауып алсаңыз, тапқан затыңыз туралы дереу түрде әкімшілікке хабарлаңыз.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында:

Тапқан затыңызға тимеңіз, оны ашпаңыз және орнынан қозғамаңыз;

Затты тауып алған уақытты белгілеп қойыңыз;

Адамдарды қауіпті затқа жақындатпауға тырысыңыз;

Жедел-тергеу тобының келгенін міндетті түрдже күтіңіз, есіңізде болсын Сіз ең маңызды куәгер болып табыласыз.

Заттың сыртқы түрінің оның шынайы қызметін жасырып тұруы мүмкін екенін біліп жүріңіз. Жарылғыш заттарға арналған жасырғыш қаптама ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмке, дорбалар, орамдар, қораптар, ойыншықтар және т.б. қолданылуы мүмкін.

Ланкестік актінің орын алу қаупі жайлы ақпарат алған жағдайда тұрғын үйіңізді қауіп-қатерден қорғаңыз:

Өрт қаупі бар заттарды – бояулардың, лактардың, жанармайдың және т.б. ескі қорларын шығарып тастаңыз;

Терезедегі гүл отырғызылған ыдыстарды алып тастаңыз (оларды еденге қойыңыз);

Газды өшіріңіз, пештегі, каминедердегі отты сөндіріңіз;

Апаттық жарықтандыру көздерін әзірлеп қойыңыз (фонарлар және т.б.);

Дәрі-дәрмектердің қорын және ауыз су мен тамақтың 2-3 тәуліктік қорын әзірлеңіз;

Терезенің перделерін жауып қойыңыз – бұл Сізді әйнектің сынықтарынан зақым алудан қорғайтын болады.

Билік өкілдерінің не құқық қорғау органдарының эвакуацияның басталғаны туралы хабарламасын алған кезде сабырлық сақтап және солардың командаларын нақты орындап отырыңыз.

Егер Сіз пәтерде болсаңыз, төмендегідей әрекеттерді орындаңыз:

Жеке құжаттарыңызды, ақшаңыз бен бағалы заттарыңызды алыңыз;

Электр қуатын, су мен газды өшіріңіз;

Қарт адамдар мен ауыр науқас адамдарды көшіруге жәрдемдесіңіз;

Сыртқы есікті міндетті түрде кілтке жабыңыз – бұл пәтеріңізді тонаушылардың ықтимал түрде енуінен қорғайтын болады.

Дүрбелеңге, долылануға және асығыстыққа жол бермеңіз. Панажайдан ұйымдасқан түрде шығыңыз.

Панажайға жауапты тұлғалардың рұқсатын алғаннан кейін ғана қайта еніңіз.

Есіңізде болсы, Сіздің әрекеттеріңіздің үйлесімді және нақты болуына көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығы байланысты.

Қоғамдық көлікті мүмкіндігінше сирек пайдаланыңыз.

Қоғамдық орындарға баруды қоя тұрыңыз.

Қарт адамдарға, науқастарға, балаларға психологиялық көмек көрсетіңіз.

Жарылу қаупі бар затты тапқан жағдайдағы тұрғындардың әрекет ету ережелері мен тәртібі

Жарылу қаупінің бар-жоғы жайлы келесі белгілер бойынша білуге болады:

Машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерлерде белгісіз орамның не қандай да бір бөлшектің болуы;

Тартылып тұрған сым, бау;

Машинаның астынан салбырап тұрған сымдар не оқшаулағыш таспа;

Машинадан, пәтер есігінің аузынан, подъезден табылған бөтен сөмке, портфель, қорап, қайсыбір зат.

Жарылу қаупі бар затты (қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, граната, снаряд, бомба және т.б.) көрген кезде оған жақындамаңыз, тауып алған зат жайлы дереу милицияға хабарлаңыз, кездейсоқ адамдардың қауіпті затқа тиюіне және оны зақымсыздандыруға жол бермеңіз.

Қоғамдық көлікте келе жатқан кезде (әсіресе поезде) қалып қалған сөмкелерге, портфельдерге, орамдарға және өзге де иесіз жатқан заттарға назар аударып жүріңіз, оларда қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін. Бұл туралы дереу түрде жүргізушіге, поездің машинисіне, кез келген милиция қызметкеріне хабарлаңыз. Оларды ашпаңыз, қолыңызбен ұстамаңыз, жаныңыздағы адамдарды ықтимал қауіп жайлы ескертіңіз.

Төмендегідей әрекеттерді жасауға қатаң тыйым салынады:

Жұмыс орнында табылған таныс емес заттарды пайдалануға;

Жарылу қаупі бар заттарды орнынан жылжытуға, бір жерден екінші жерге домалатуға, қолға ұстауға;

Бір ату жарағын екіншісіне ұрғылауға не корпусы мен жарылғышын кез келген заттармен соққылауға;

Көтеруге, тасымалдауға, қалтаға, портфельге, сөмкеге және т.б. салуға;

Ату жарағын алауға салуға не солардың үстінен от жағуға;

Ату жарағын металл қалдығы ретінде жинап және тапсыруға;

Жерге көмуге не оларды суаттарға тастауға;

Ату жарақтарын аяқпен басуға не көлікпен басуға;

Заттардан тарап жатқан сымдарды үзуге не тартуға, оларды залалсыздандыруға әрекет жасауға.

Үйдің подъезіне кірген кезде бөгде адамдар мен таныс емес заттарға назар аударып жүріңіз. Әдетте, ғимаратта жарығылқ құрылғы төлелерге, бірінші қабаттарға, қоқыс құбырларының жанына, сатылардың астына қойылады.

Адамдар кепілге алынған жағдайдағы олардың әрекет етуі бойынша ұсыныстар

Кейінгі 10-20 жыл ішінде ланкестердің және өзге де қылмыстық элементтердің кінәсіз адамдарды кепілге басып алу практика ланкестіктің аса кең тараған “қаруына” айналды. Және де кәдімгі азаматтың лакестіктің құрбаны болуының статистикалық ықтималдығы оның жай түсуден көз жұму ықтималдығымен салыстырғанда жоғары емес, дегенмен де белгілі бір абайлылық шараларын қабылдаумен өзін, өзінің отбасын не жақындарын белгілі бір дәрежеде қауіп-қатерден сақтандырудың маңызы бар.

Түрлі саладағы мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскерлердің кепілге адамды басып алу практикасын белсенді түрде зерттеуде, ауыр жағдайлардың алдын-алудың түрлі шараларын әзірлеуде. Бұл кепілге айналу ықтималдығын азайтуға арналған превентивтік сипаттағы шаралар, сондай-ақ Сіз кепілге адамды басып алудың құрбанына айналған жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігі жайлы психологиялық және іс-әрекеттік” сипаттағы ұсыныстар.

Кепілге адам алудың әрбір нақты жағдайы өзінше болып келеді және өзгелерінен айырмашылықтанады. Дегенмен де кейбір жалпы және нақты ұсыныстар адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін пайдалы және тиімді болып шығуы мүмкін.

Төменіректе осындай жағдайға тап болған тұлғалар үшін пайдасын тигізуі мүмкін жалпы және жеке сипаттағы ұсыныстар келтірілген.

– Мүмкіндігінше өз-өзіңізді қолға алыңыз, тынышталыңыз және дүрбелеңге салмаңыз.

– Егер Сізді байлап не көзіңізді жауып тастаған болса, босаңсуға тырысыңыз, терең тыныс алыңыз.

– ықтимал түрде қатаң болуы мүмкін сынаққа физикалық, моральдік және эмоциялық тұрғыдан даярланыңыз. Бұл жағдайда мынаны естен шығармаңыз, кепілге адамдарды басып алу жағдайларының басым бөлігі орташа есеппен 4,5-5 сағ. кейін орын алып отырған, жағдайлардың 95%-да кепілге алынғандар тірі қалды. Милиция мен өзге арнайы қызметтердің Сізді босатуға арнап кәсіби шараларды қабылдап жатқанына сенімді болыңыз.

– Егер қашып құтылып кететініңізге толық сенімді болмасаңыз қашуға әрекет жасамаңыз.

– Ланкестер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтап қалыңыз. Олардың санын, қарулану дәрежесін анықтау, сыртқы келбетінің, дене бітімінің, акцентінің және сөйлесу тақырыптарының, темпераментінің, өз-өзін ұстау ерекшеліктеріне және т.б. көңіл бөлумен барынша толық сөздік портрет құру қажет. Толық ақпарат артынша құқық қорғау органдарына ланкестердің тұлғасын анықтауға себін тигізеді.

– Әртүрлі белгілер бойынша өзіңіздің жүрген (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз.

– мүмкіндігінше есік-терезелерден және ұрлаушылардың өздерінен алыстау тұрыңыз, яғни арнайы бөлімшелер белсенді шаралар қабылдай қалған жағдайда (панажайды шабуылмен басып алу, снайперлердің қылмыскерлерге оқ атуы және т.б.) барынша қауіпсіз болып табылатын орындарда тұрыңыз.

– ғимаратты шабуылдау кезінде еденге бетін төмен қаратып, қолдарын желкесіне қойып жату ұсынылады.

– егер шабуылдау не басып алу әрекеттері кезінде Сізге ықтимал қылмыскер ретінде қате әрекеттер жасалған болса (тұлғаңыз анықталған уақытқа дейін), ашуланбаңыз. Сізді тінтіп, қолыңызға кісен салып, байлап, эмоциялық не денелік жарақат салуы, жауап алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шабуылдаушы тұлғалардың әрекеттері (барлық тұлғалар толықтай сәйкестендіріліп және шынайы қылмыскерлер анықталғанша) орынды болып табылатынына түсіністікпен қараңыз.

Адам ұрлаушылармен өзара қатынастар:

– Агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, оқыс қимылдар мен қорқытатын әрекеттер жасамаңыз, ланкестерді ойламаған әрекеттерге итермелемеңіз.

– Адам ұрлаушылардың мүмкіндігінше көзіне тікелей қарамауға тырысыңыз.

– Ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағат бойы) ұрлаушылардың барлық бұйрықтары мен өкімдерін орындап

отырыңыз.

– ырықсыз әріптестік позициясын қабылдаңыз. Сабырлы дауыспен сөйлеңіз. Басып алушылардың ызасын келтіруі мүмкін жек көрушілік сезіміңізді білдірмеңіз.

– өз-өзіңізді сабырлы ұстаңыз, сонымен қатар өзіңіздің адамгершілік сезіміңізді сақтаңыз. Үзілді-кесілді бас тартуларды білдірмеңіз, алайда өзіңіз мұқтаж болып отырған нәрселер бойынша сабырлы өтініштеріңізді білдіруге қорықпаңыз.

– Егер денсаулығыңызда осындай күшті мазасыз күй кешкен кезде айқындалуы мүмкін кінәрат болса, бұл туралы сабырлы түрде өзіңізді басып алған адамдарға айтыңыз. Біртіндеп, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, сіздің жайлылығыңызды жақсартумен байланысты өтініштердің деңгейін арттырып отыруға болады.

Кепілге алынған адамның күйінде ұзақ уақыт болған кезде:

– Өз-өзіңізді аяу, сасқалақтау және абыржу сезіміне жол бермеңіз. Өз-өзіңізді ойша келешек сынақтарға даярлап қойыңыз. Ойлау қабілетін сақтаңыз.

– үмітсіздік сезіміне берілмеңіз, соған арнап өз-өзіңізді сендірудің барлық ішкі ресурстарыңызды пайдаланыңыз.

– жағымды жайттар жайлы ойлап және соларды еске алыңыз. Есіңізде болсын, уақыт өте келе босанып шығу мүмкіндігі арта береді. Қазір Сізді тез арада босатуға арналған қолдан келер шаралардың барлығы жасалып жатқанына сенімді болыңыз.

– Өзіңіз үшін үнемі қандай да бір әрекетпен айналысып отырыңыз (дене жаттығулары, кітап оқу, өмірден естеліктер және т.б.). Дене қызметі мен зейіндік қызметтің тәуліктік кестесін белгілеп алыңыз, істерді қатаң әдістемелік тәртіппен орындап отырыңыз.

– Әлсіреп қалмау үшін тіпті тамақ ұнамаса да және тәбетті ашпаса да, не берсе де жей беріңіз. Мұндай жағдайда тәбеттің және салмақтың жоғалуы қалыпты жағдай болып табылатынын түсініңіз.

Жауап алған кездегі өз-өзін ұстау ережелері:

– Сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз. Онша елеулі болмайтын жалпы тақырыптар бойынша неғұрлым еркін және толық етіп сөйлесіңіз, алайда маңызды мемлекеттік не жеке сипаттағы сұрақтар қозғалған жағдайда абай болыңыз.

– Өзіңіздің әрекеттеріңіз бен жауаптарыңызды мұқият бақылап отырыңыз. Артынша Сізге не өзге адамдарға зиянын тигізуі мүмкін мәлімдемелерге жол бермеңіз.

– Кез келген жағдайларда сыпайы, әдепті қалпыңызды сақтап отырыңыз. Өз көңіл-күйіңізді бақылап отырыңыз.

– “Стокгольм синдромын” ойнап көрсетуге қатысты абай болыңыз; ұрлаушыларды жақтамаңыз, оларды ұнататыныңызды және солардың идеалдарын ұстанатыныңызды көрсетпеңіз.

– Ланкестердің талаптарын қолдауға мәжбүрлеген жағдайда (жазбаша, дыбыстық не бейнежазбада) оларды ұрлаушылардың талап етіп отырғанын көрсетіңіз. Өз атыңыздан үндеу салудан және мәлімдеме жасаудан аулақ болыңыз.

– Босап шыққаннан кейін өз-өзіңізді толықтай бақылап, ойыңызды қалпына келтіріп, ресми және өзге дереккөздерде берілген ақпаратпен танысып шыққанша асығыс түрде мәлімдеме жасамаңыз.

Ғимараттың конструкцияларының астында қалған зардап шегушінің әрекеттері.

Еңсеңізді түсірмеуге тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Құтқарушылардың Сізді құтқаратынына сенімді болыңыз. Дауыс берумен және тықылдатып адамдардың назарын өзіңізге аудартыңыз. Егер Сіз ғимараттың үйіндісінің астында тереңде жатқан болсаңыз, сізді эхопеленгатормен тауып алу оңай болу үшін кез келген металды затты (сақина, кілттер және т.б.) оңды-солды қозғап отырыңыз.