ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

Егер сіз бір қабатты үйде не ғимараттың бірінші-екінші қабатында жүрген болсаңыз және одан тез арада шығып кете алсаңыз (15-20 секундтың ішінде), онда шығып кетіңіз. Ғимараттан жүгіріп шыға салысымен бірден ашық жерге алыстап кетіңіз.

ПАНАЖАЙДА:

Егер сіз ғимаратта қалған болсаңыз, онда алдын-ала таңдап алынған, салыстырмалы қауіпсіз жерді паналаңыз. Көп қабатты үйде сатыға шығатын есікті шалқасынан ашып соның қуысына тұру керек. Егер есік ашылмай жатса, саспаңыз – бұл ғимараттың қисаюнан болып тұрады.

Егер сылақ кесектерінің, шамдалдардың, әйнектердің құлау қаупі туындаса – үстелдің астына тығылыңыз. Мектеп оқушыларына партаның астына кіріп, басын терезелерден теріс бұрып, беті мен басын қолымен жабуға болады.

Кез келген ғимараттарда терезелерден ауаша, ғимараттың ішкі күрделі қабырғаларына қарай жақындау тұрыңыз. Әйнек қабырғалардан абай болыңыз!

Есіктерге сығылыспаңыз және тығырықтар тудырмаңыз!

Бірінші қабаттан жоғары тұрып терезеден секірмеңіз.

Жабық терезелерден секірмеңіз! Қажет болған жағдайда терезенің әйнегін табуреткамен, тіпті болмағанда арқаңызбен шағып секіріп кетіңіз.

Лифтіні пайдаланбаңыз!

КӨШЕДЕ:

Ғимараттардан, электрберілісі желілерінен ауаша ашық жерге алыстап кетіңіз. Үзілген сымдардан абай болыңыз!

Ғимараттардың бойымен жүгірмеңіз, ғимараттарға кірмеңіз – құлап жатқан жарықшақтар өміріңізге нақты қауіп төндіруі мүмкін.

КӨЛІКТЕ:

Көлік айдаған жағдайда көлігіңізді ашық жерге мүмкіндігінше тездетіп тоқтатыңыз. Тербелістер  аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Автобус жүргізушісінің есікті ашып қойғаны жөн.

Жеке автокөліктер мен қоғамдық көлік жолаушыларының тербелістер аяқталғанша өз орнында болғаны қауіпсіздеу болады. Әйнекті шағудың не есік жаққа қарай талпынудың, сығылысудың және жарақат алудың қаупін тудырудың қажеті жоқ.

ҮЙІНДІНІҢ АСТЫНДА ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА

Егер сіз қираған ғимараттың үйіндісінің астында қалған болсаңыз, сабырлық сақтауға және жағдайды айқын бағалауға тырысыңыз.

Егер сіздің үйіндінің астынан шыға алатындай мүмкіндігіңіз болса, үйіндінің қайта қозғалып құлауын тудырмайтындай абайлап қозғалыңыз.

Егер мұндай мүмкіндік болмаса, қол-аяғыңызды астынан қазып отырып абайлап босатып алыңыз, сізге кедергі болып тұрған тастарды, заттарды тартып суырмаңыз, себебі олар сіздің үстіңіздегі үйіндінің тепе-теңдігін сақтап тұруы мүмкін.

Үйіндіні мүмкіндігінше бекітіп қоюға, жоғарғы жағыңыздағы конструкциялардың астына тіреулер орнатуға тырысыңыз.

Мүмкіндігінше жылы киімдеріңізді киіп алуға тырысыңыз, қолыңызға түскен заттың бәрінен: шүберектен, қатырмақағаздан және т.б. төсеніш жасап алыңыз, бетон мен топырақпен жанасуды азайту үшін эмбрион күйін қабылдаңыз, яғни қол-аяғыңызды кеуде жағыңызға қарай бүгіп жинап алыңыз.

алғашқы жәрдем көрсетуге тырысыңыз, қан кетуді қолыңызда бар құралдармен тоқтатуға тырысыңыз, қысылып қалған аяқ-қолыңызды ысқылаңыз.

Дауыс беріп және тықылдатып (металды не тасты металды құбырға соққылаумен) құтқарушылардың көңілін өзіңізге аудартыңыз.

От жақпаңыз, газ жылыстаған жағдайда жарылыс болуы мүмкін.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН

Көмекке зәру адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіңіз.

Жеңіл күрелетін үйінділердің астында қалғандарды босатып шығарып алыңыз. Абай болыңыз! Егер қосымша медициналық не өзге арнайы көмек қажет болса, соны күтіңіз.

Балалардың, науқастардың, қарттардың қауіпсіздігін ойлаңыз, соларды тыныштандырыңыз.

Телефонмен қажетінсіз сөйлеспеңіз. Телефондық желіге жүктеме түседі.

Радиоқабылдағыштарды қосыңыз. Жергілікті билік органдарының, жойқын апаттың зардаптарын жою басқармасының нұсқауларына сүйеніп отырыңыз.

Электр сымдарының зақымдалған жерлерінің бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Ақаулылықты жойып не пәтердегі электрқуатын ажыратып тастаңыз. Қаладағы электр қуатының қатты жер сілкінісі кезінде автоматты түрде ажырайтынын ескеріңіз.

Су құбыры желілерінің зақымдалмағанын тексеріңіз. Ақаулылықты жойып не сумен қамтуды ажыратып тастаңыз.

Кәріздік жүйені пайдаланбас бұрын оның ғимараттың, жертөленің шегінде зақымдалған жерлерінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Лаулап жанып тұратын отты пайдаланбаңыз.

Сатымен түскен кезде абайлаңыз.

Қатты бүлінген ғимараттарға жақындамаңыз, оларға кірмеңіз.

Қайталаған жер сілкінісіне дайын болыңыз. Мұндай сілкіністер бірнеше тәуліктен кейін, аптадан кейін және тіпті бірнеше айдан кейін қайталанып отыруы мүмкін. Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы бірнеше сағат қана аса қауіпті болып келеді, аса қажет болмаса, алғашқы екі-үш сағатта ғимараттың ішіне кірмеңіз.

Келесі ықтимал жер сілкінісі туралы ешқандай болжамдар мен лақапты ойдан шығарып және таратпаңыз.