ЖКО

    ЖКО. Психологиялық аспектілер.

 

2005 жылғы қазанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік апаттарында қаза тапқандарды дүниежүзілік еске алу күні деп жарияланған. Бұл халықаралық оқиға жер шарындағы барлық адамдардың назарын келесі қасіретті фактілерге  тартуға үнделген: DTP1

  • Күнделікті бүкіл әлем бойынша ЖКО нәтижесінде үш мыңнан артық адам қаза болады және 100 мыңға жуығы айтарлықтай жарақат алады.
  • Жыл сайын ЖКО 1 миллион 300 мың өмірді әкетеді. Онымен қоса 20 мен 50 миллион шамасында адамдар түрлі жарақаттар алады.
  • ЖКО салдарынан орын алған өлім жағдайларының 50% астамына 15-тен 44-ке дейінгі жас аралығындағы топ кіреді.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның болжамдары бойынша 2020 жылға таман жол апаттарының нәтижесінде травматизм қаза болу немесе жарымжан болудың үшінші басты себебі болуы мүмкін.

ЖКО себептерін сипаттайтын көрсеткіштер:

  • 30 % жуық ЖКО көлік құралының жүргізуші мастану күйінен орын алады.
  • 25 % жуық ЖКО жүргізушілердің жолдарда жылдамдық режимін сақтамаудан орын алады.
  • 15 % жуық ЖКО жол қиылыстарында ережелерді бұзудан орын алады.
  • 10 % жуық ЖКО қозғалыстың қарсы жолағына шығудан орын алады.
  • 80 % жуық ЖКО жүргізушілердің кінәсінен орын алады.

DTP2
ЖКО болдырмау үшін рөлді кемшіліксіз жүргізу ережелерінің жинағы дайындалған. Олар ЖКО апаратын жүргізуші назарын төмендететін тйымдарды қосады. Сонымен, келесілерге тыйым салынады:  

  • Жол қозғалысының ережелерін бұзуға;
  • мастық күйде болуға;
  • Жылдамдықты арттыруға;
  • Сөйлесуге (ұйлы телефонмен және жолаушылармен);
  • Көлік құралының ақаулығы;
  • Рөлде темекі шегуге;
  • Рөлде тамақтануға;
  • Көлік құралын басқаруға қатысы жоқ басқа да әрекеттерді жасауға;
  • Жүргізушінің шаршауына;
  • Жүргізушінің  науқас күйінде болуына;
  • Назарды төмендететін препараттарды (дәрілік, сонымен қатар нашақорлық) қабылдауға.

Психологтар, автомобиль – екі іспен бір уақытта айналысатын орын емес деп есептейді. Жүргізудің алғашқы екі сағатында, өндіру кезеңі деп аталатын кезде адам қателіктер жасауға душар болатынын ұмытпаған жөн. Дұрыс қабылдамаған шешім ең қайғылы нәтижелерге әкелуі мүмкін. Кез келген апат – бұл байыпты стресс.

Медициналық қызметкерлер оқиғадан кейінгі бірінші сағатты «алтын уақыт» деп атайды, өйткені ЖКО құрбандары оқиғадан кейін бір сағат ішінде ауруханаға жеткізілсе олардың тірі қалу мүмкіндіктері көбірек. Шынымен, тасымалдаумен және толық көлемдегі медициналық көмекті көрсетумен тек қана білікті дәрігерлер айналысуы қажет, бірақ олар опат орнына келгенге дейін  сіз де зардап шеккен адамға көмектесе аласыз.

Оқиға орнындағы куәгерлердің қанына адреналиннің тасталынуы барлық қисынды шектен асады, сондықтан тым құрғанда бір адам тынышталып, қаншалықты ауыр болса да үрейге және жалпыға бірдей қорқынышқа берілмеуге тиіс.

Алдымен, оқиға орнына келген соң, тоқтаңыз, және бірнеше рет терең демалыңыз. Бұл тынышталуға көмектеседі.

Қан мен жаралғандарды көрген адамдар, өздерінің дәрменсіздігінен қорқынышта болған және қалай болсын көмектескісі келген, тыныш күйінде қалған, жағдайды бақылайтын және не істейтінін білетіні көрініп тұратын адамның тапсырмаларын орындайды. Егер сіз де ашуланғандықтан қолыңызды сілтесеңіз және өз істеріңіз бен сөздеріңізді бақыламасаңыз, барлығы қымбат уақытын жоғалтады деген сөз.

Біздің ұсыныстарымыз, белгілі деңгейде, стандартталған, және әр нақты жағдайда бейімделуге жатады.

  • Зардап шеккенге келу, сөйлесу, оны барлығы жақсы болады деп көндіру – бұл мүмкін! Кез келген оқиғадан кейін зардап шеккендер, тым болмағанда сасып қалу кезінде, үрейде болуы мүмкін. Олар тіпті не болғанын да түсінбейді. Олар селқостықта, абыржуда болады. Оларға жолаушылар мен көлік құралы барлығы дұрыс деп сендіру маңызды.
  • Апатқа түскендерге вариант ретінде олар шынымен ЖКО түскендерін, және олар қозғалмауға тиіс екендерін айтып беруге болады.
  •  Міндетті түрде танысу қажет. Зардап шеккендер кіммен сөйлесіп жатқанын білу маңызды болып табылады.
  • Оларға қазір «жедел жәрдем» машинасы келетіндігін сендіру қажет (осы кезде оны біреу шынымен де шұғыл шақыртып жатқандығына міндетті сену қажет!).
  • Зардап шеккен адамның жанында болғанда, ол тіпті есінен танып жатқандай болса да өзіңіздің сөздеріңіз бен әңгімеңізді байқаңыз. Олай дейтініміз, айналадағы дыбыстарды есі танған күйдегі адамдар қабылдайды. «Енді бітті, бұл енді өлік, «жедел жәрдемді» енді шақырмаса да болады» немесе «Бұндай да болады, оның сынғаны да жақсы» деген үйрейлі сөйлемдерді айтпаңыз.   Бұл керексіз сезімдер зардап шеккен адамның миында тіркелуі мүмкін, айналадағыларды аздырады (сіздің әлеуетті көмекшілеріңізді), және зияннан басқа ешнәрсе әкелмейді.
  • Сіз сөйлемдерді қалай айтқаныңыз емес, сіз не айтатыныңыз маңызды. Дауысыңызды бәсеңдетіңіз, тынышталыңыз, тым болмағанда, сырттай болсын – бұл жалпыға ортақ үрейді азайтады.
  • Экстремалды жағдайда психологиялық жетекшілік пен болып жатқан оқиғаларға бақылау жасау өте маңызды. Егер сіз байсалды болсаңыз, бұл күй бірте бірте барлық адамдарға беріледі.

ЖКО көптеген куәгерлердің алдында болған кезде, психологиялық әсер – «куәгер әсері» – көмек көрсетуге кедергі тигізетіндей болады.

      Куәгер әсері, бөгде адамның әсері, Дженовезе  синдромы — төтенше жағдайдың (ЖКО, қылмыс немесе басқасы) куәгерлері болған адамдар зардап шеккендерге көмек беруге тырыспайтындығы кезінде байқалатын психологиялық әсер.

         Қарап тұрған адамдар көп болған сайын, зардап шеккендерге куәгерлердің бірі көмектесу ықтималдылығы азаяды деп белгіленген. Басқа сөзбен айтқанда, куәгерлердің әрқайсысы зардап шеккенге ол емес, басқа біреу көмектесуі қажет деп ойлайды. Керісінше, бір куәгер болғанда, зардап шеккенге одан басқа ешкім көмектеспейтінін түсінеді және тапжылмай әрекет етеді.DTP3

         «Парықсыздықтың» себебіне трагедияның куәгері болған адамдардың қатыгездігі емес, айналада болып жатқан нәрсеге жеке жауапкершіліктің болмауы болып табылады деуге болады. Жауапкершілік оқиғалар барысына әсер етеді. Егер біз айналадағыларға қатыспай қалсақ, біз оқиғалардың құрбаны болады деп түсіну қажет.  

«Әлдекім бұны менсіз жасай салады» деген сенімді біз «Мен болмасам, кім онда?» дегенге ауыстырсақ өмір жақсарады.

Көп жағдайда жол-көлік оқиғалары медициналық мекемелерден алыс жерде орын алады және «жедел жәрдемді» ұзақ күту қажет. Дәл осы жағдай, сонымен қатар жүргізушілер зардап шеккендер үшін басқалардан жылдамырақ көмек көрсете алатыны, оларды алғашқы медициналық көмек көрсетуге, яғни, зардап шеккеннің өмірін сақтап қалу үшін қарапайым шұғыл шараларды жүргізуге міндеттейді. Автокөлік және басқа да көлік құралдарының  жүргізушілері, жол-көлік оқиғаларына қатысы бар және қатыс жоқтар да, маңайда болған кезде жедел тоқтап, зардап шеккендерге көмек беруге міндетті.  Өміріне қауіп төнген адамға көмек көрсетпей кету заң бойынша жазаланады.

Байыпты бол. Сезімге берілме. Ойлан.