ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БІРІНШІ ОРЫНДА

Жыл сайын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті №6 өрт сөндіру бөлімінің сержанты Б.Т.Ахмедов атындағы спорттық шаралар ұйымдастыруды әдетке айналдырған-ды. Алматы қаласында өткен жарыстың басты мақсаты – қызметкерлердің қызметтік және дене даярлығының жоғары деңгейін көрсету, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, спорттың ойын түрін дамыту мен көпшілікке тарату. Дәстүрлі футбол жарысына қатысқан 24 команда олимпиадалық жүйе бойынша ойнады. Ержан Қаңлыбаев, Нұрхан Қалиев, Ардақ Алиев, Ғалым Рабатов бастаған Алматы қаласы құтқару қызметі қызметкерлері ала допты аяғында ойнатып, ширек финалда қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. II орынға №15 Өрт сөндіру бөлімі командасы тұрақтаса, ал III орынға №3 Өрт сөндіру бөлімі командасы орнықты. Бұл – футболдың жай ғана ойын емес, ол салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт түрі екендігінің дәлелі. Жүлдегерлер мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ел еңсесін көтере түсетін осынау турнирлер көбейе берсе екен деген тілек бар. Аумин!