Алматыда қалын жауын-шашын алдында штаттан тыс жағдайларды барынша азайтуға арналған алдын алу шаралары күшейтілді

«109» Қызметі Алматыда күтілетін қалын жауын-шашынға қарсы алдын алу шараларын күшейтті.

Қала құтқарушылары алдын ала жүргізген іс-шаралар «Қазгидромет» РМК Алматы қ. бойынша филиалының 21.06.2016 ж. №58 АГҚ дауылды ескерту жөннідегі мәлімдемесінен  туындаған.

Жақын тәулікте, 22 маусымда, қала үстінен қатты жаңбырлар өтеді, Алматы облысының кейбір өзендерінде тасқындар пайда болуы күтілуде, су тасып, басуы мүмкін деп синоптиктердің болжамында айтылады.

Қаланың белгілі бір секторларында жеке меншік тұрғын үйлерін және басқа да нысандарды су басу қауіпі әлі де болып тұрғандықтан, «109» Қызметі мегаполиста тасқынға қарсы іс-шараларды жүргізуді тоқтатқан жоқ.

Мәселең, олар Наурызбай ауданындағы Ақсай өзені мен Түріксіб ауданындағы Жарбұлақ өзені арналары бойымен жүргізіліп жатыр, онда ауыр инженерлік техниканың көмегімен өзендер түбі тереңдетіліп, жағалары бекітіліп, су күре жолдары балшықтан, тастардан және лақтырылған тұрмыстық қоқыстан тазартылып жатыр.

Екі тәулік ішінде Ақсай өзені арнасынан 18 текше метр қоқыс, ал Жарбұлақ өзені  арнасынан – 60 текше метр батпақ пен тас жиыны алып тасталды. Арналардан алынған батпақ жиынын шығару үшін құтқарушыларға үлкен жүк көтеретін КамАЗдарды қолдану тұра келді.

Осындай жұмыстарды «109» Қызметі Наурызбай ауданында «Весна» саяжайлық қоғамының  аумағында Жандосов көшесінен оңтүстікке қарай және  Түріксіб ауданында «Қайрат» ықшамауданында жүзеге асыруда.

Тасқынның алдын алу іс-шараларына 16 адам және 9 техника бірлігі қатысуда.

Алматы қаласы әкімі аппаратының

ШЖҚ «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК

Баспасөз қызметі