Аюсай шатқалында жыл сайынғы «Өрт-2017» оқулары өтті

Іле Алатау ұлттық табиғи саябағы Медеу аймақтық бөлімі аумағында Аюсай шатқалында жыл сайынғы «Өрт-2017» оқулары өтті. Қаланың шұғыл қызметтері құрамында «109» Қызметінің жұмыскерлері өрттер жоюға қатысты.

Оқудың тактикалық түпкі ойы бойынша, төңіректі ауадан патрульдеу кезінде ормандар әуе-күзетінің ұшқыш-бақылаушысы өрт ошағын тапты. Радиодиспетчерлік қызметке түскен мәлімдеме хабарландыру алгоритмі бойынша шұғыл түрде берілді. Жедел тәртіппен өртену орнына орман саябағының өрт сөндіру арнайы техникасы жіберілді.

Оқу барысында қатты жел салдарынан туристер ақшатырларына оттың жайылуы туралы кіріспе келді. ТЭ аймағына Алматы қ. Құтқару қызметінің, Қазавиаорманқорғау және Қазавиақұтқару тікұшақтары жіберілді. «109» Қызметінің МИ-8 тікұшағынан құтқарушылар, кинологтар және Қазавиаорманқорғау жұмыскерлері десантпен түсірілді. Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы жұмыскерлерінің көмегімен өрт сөндірушілері өртпен күресуге кірісікен кезде «109» Қызметінің кинологтар тобы демалып жатқандар амалсыз жағдайда қалуы мүмкін жерлерді іздеумен таулы төңіректі иттермен сүзіп қарап шықты.

«109» Қызметінің МИ-8 экипажы су ағызатын құрылғы арқылы шартты өрт ошағына суды ағызуды жүзеге асырды.  Табылған зардап шеккендерді құтқарушылар мен өрт сөндірушілер «Апаттар медицинасы орталығы» қызметкерлеріне әрі қарай Алматы қ. «Жедел медициналық көмек станциясы» бригадаларына тапсыру үшін жеткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін шартты зардап шеккендерді «103» Қызметі қаланың стационарларына жеткізді.

Оқу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды, көлік қозғалысын реттеуді ТЖ аймағын қоршаған қала полициясы қамтамасыз етті.

Алматы қ. Құтқару қызметі штаб жанында ақшатырлық лагерьді, зардап шеккендерді қабылдау пунктін, сондай-ақ ас қабылдау пунктін орналастырды. Жылжымалы жедел штаб, медициналық госпиталь және көшпелі асүйі іске қосылды.

Оқуға барлық қызметтер жеке құрамынан 112 адам, 20 арнайы техника техника бірлігі және 4 әуе кемесі, соның ішінде «109» Қызметінен 25 қызметкер, 9 техника бірлігі мен 2 тікұшақ қатысты. 

Алматы қаласы әкімі аппаратының
ШЖҚ «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК
Баспасөз қызметі