Ресейлік екі сноубордшының Іле  Алатауында жоғалуы

01 сәуір  16  сағат 50 минутта  Алматы  қаласы  құтқару  қызметінің  «109»  нөміріне  Талғар  таулы асуында  1991 жылы  туған  қыз  бен жігіт,  екі сноубордшының  жоғалуы  туралы  хабарлама  келген.  Құтқарушылар  қажетті  жабдықтарымен іздеуге шықты. Жолда құтқарушылар ақпаратты  «Шымбұлақ»  тау шаңғы  кешені  қызметкерлеріне  жеткізген. Олар қарда  жүргішпен туристер жоғалған жерге жөнелтілді. Бірнеше  уақыттардан  кейінгі іздестіру  жұмыстарының  нәтижесінде жоғалған қыз бен  жігіт  табылды. Анықталғандай,  туристер  Ресей   азаматтары  болған,  күндіз  сноубордта  сырғану  үшін  «Шымбұлақ»  тау  шаңғы  кешеніне  көтерілген. Кешке  қарай  асуда   қалың  тұман  түсіп,  қайтар  жолдан  адасқан.

Тау  шаңғы  курортының  қызметкерлері туристерді  базаға дейін  жеткізген, ол жерде  «109»  қызметінің  қызметкерлері  «Медеу» спорт  кешеніне  жеткізген. Сноубордшылардың  ешқайсысы  жарақат  алмаған,  дәрігерлік  көмекке  мұқтаж болмаған.

Бұл жыл басынан бері Алматы қаласының  «109» құтқару  қызметі  бойынша тауда туристердің  жоғалуының  тоғызыншы жағдайының  тіркелуі.

Алматы  қаласының  құтқару  қызметі  күннің жылынуына және қар қабатының тұрақсыздығы мен жауын-шашын күтілуіне байланысты Алматы қаласының Кіші өзені аумағында қар көшкінінің қауіптілігі сақталуда  екендігін  және қар көшкінін болдырмау үшін тау баурайына шықпауға және тауда абай болуға кеңес береді.

«Қазгидромет» РМК Алматы филиалынан алынған  ақпарат  бойынша 1 сәуірде Алматы  қаласында дауылды алдын  ала ескерту жарияланды.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі