Тауда екі қыздың жоғалуы

02  сәуірде  13 сағат 55 минутта  Алматы  қаласының  «109» құтқару  қызметіне  1992 жылы  және 2002 жылы туған екі  қыздың тауда жоғалуы  туралы  хабарлама  келген.  Қыздар таңертеңгі  уақытта  тауға  қыдыруға  шыққан, кері  қайтар  жолды   таба  алмағандықтан,  құтқарушылар  көмегіне  жүгінген. Қимасар  шатқалымен  жоғары  қарай  Фурманов шыңына  қарай  көтерілген.  Күндізгі  уақытта ауа райы күрт өзгеріп, кері қайтпақшы болған, алайда  қалың  тұман   болғандықтан  жолды таба  алмаған. 

Құтқарушылар экипажы бірден іздеуге кірісті. Іздестіру  жұмыстарының  нәтижесінде қыздар табылған, дәрігерлік көмекті қажет етпеген. Құтқарушылар оларға жылы киім беріп,  Құтқару  қызметінің  бөлімшесіне  жеткізген. Қыздарды  сол жерде  туыстары  күтіп  алды. Алматы  қаласының Құтқару қызметінің 5 құтқарушысы, 1 жүргізушісі,  1 бірлік  техникасы  қатысқан   құтқару-іздеу  операциясы  табысты  аяқталды.

Алматы  қаласының  құтқару  қызметі  күннің жылынуына және қар қабатының тұрақсыздығы мен жауын-шашын күтілуіне байланысты Алматы қаласының Кіші өзені аумағында қар көшкінінің қауіптілігі сақталуда  екендігін  және қар көшкінін болдырмау үшін тау баурайына шықпауға және тауда абай болуға кеңес береді.

«Қазгидромет» РМК Алматы филиалынан алынған  ақпарат  бойынша 2019 жылдың 02-05 сәуірінде Алматы  қаласында дауылды алдын  ала ескерту жарияланды.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі