Алматы қаласы құтқару қызметінің қызметкерлері Наурыз мерекесін атап өтті

Алматы қаласы  құтқару  қызметінің  мамандары  жарқын да  жайдары  көктем мерекесі «Наурыз мейрамын» өткізді. Мерекеге орай ұжым  қызметкерлері  өздері  дайындаған  концерттік  бағдарламаны  тамашалады.  Мереке барысында вокальдық және аспаптық шығармалар  орындалып, әртүрлі билер биленді. Ұжым  қызметкерлері  «Тұсау  кесу»  дәстүрінен  көрініс көрсетіп, ұлттық  ойындарды  ойнады және  мерекенің  дәстүрлі     ұлттық  тағамы  «Наурыз  көжеден»  дәм  татты.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі