Алматы қаласының «109» қызметінің құтқарушылары Көкжайлау шатқалында зардап шеккен жігітке көмек көрсетті

14 сәуір 12 сағат 30  минутта   Құтқару  қызметінің «109»  нөміріне   Алматы  қаласының  Төтенше  жағдайлар департаменті кезекшісінен шақыру  болған. Көкжайлау  шатқалында  жас  жігіт  аяғын зақымдап  алғандықтан өздігінен жүре  алмаған. Құтқарушылар көмегі  қажет  болған. Шақыру орнына қажетті  құрал  жабдықтарымен  құтқарушылар экипажы  жіберілген. Құтқарушылар жарақттанушымен хабарласып, оның тұрған жерін  анықтады.

Туристердің  қыдыруы  барысында 2000  жылы  туған жас  жігіт  құлап,  аяғын зақымдаған. Әрі  қарай  өздігінен  жүре  алмаған. Сол жерде  жас  жігітке медициналық көмек көрсетіліп, аяғы  мен  жамбасына  иммобилизация жасалды.  Құтқарушылар  жігітті құтқару  жабдығының көмегімен таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына жеткізді. Медициналық  тексеруден кейін  аяғын  зақымдаған  жігіт  қала  емханасына жеткізілді.

Алматы  қаласының құтқару  қызметінен  құтқару  іс-шарасына  1 бірлік  техника, 4 құтқарушы  мен 1 жүргізуші  қатысты.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі