«Жас қорғаушы»  спорттық  жарыстарына қатысушылардың XIV слеті аяқталды

«Жас қорғаушы» жарыстарына  Алматы  қаласының  жалпы  білім  беретін мектептерінен 16 команда қатысты. Жыл бойына жоғары сынып  оқушылары  әртүрлі  төтенше  жағдайлардағы  іс-әрекеттер және  алғашқы  дәрігерлік  көмек  көрсету бойынша  дайындықтан  өтті, сондай-ақ аудандық  жарыстарға  қатысты. Финал  Кіші  Алматы  шатқалында  өтті.

Жарыстар Елбасымыздың жарлығымен  жарияланған Жастар жылы аясында Алматы қаласының Төтенше  жағдайлар  департаменті, Білім басқармасының  «Оқушылар  сарайы» МКҚК  және  Алматы  қаласының  құтқару  қызметімен  бірге  ұйымдастырылып  өткізілді.

Жарыстар  қауіпсіздігін  «109» қызметінің  құтқарушылары  қамтамасыз  етті. Жарыстар бірнеше кезеңнен тұрды, әр қатысушы іздеу-құтқару  жұмысындағы,  өрт  сөндіру  эстафетасындағы, жарақаттанушыға  алғашқы  медициналық көрсетудегі және командалық жұмыстағы өзінің білімін,  альпинистік  дайындықтағы дағдысы  мен  ептілігін  көрсетті.

Жарыстар тұрғындарды  төтенше  жағдайлардан  қорғау  саласындағы Мемлекеттік саясатты  жүзеге  асыру  іс-шараларының  бір  көрсеткіші  ретінде  өткізіліп  отыр.

Табиғи ортадағы іздеу-құтқару жұмысындағы, өрт сөндіру  эстафетасындағы, жарақаттанушыға алғашқы медициналық көрсетудегі және басқа кезеңдер бойынша мәрелі орындарға  күресте Алатау  ауданының №26 мектебі жеңімпаз болып табылды, екінші  орынды Наурызбай  ауданының  №157 мектебінің оқушылары, үшінші орынды  Алатау  ауданы №180 мектебі жеңіп  алды.

Құтқарушылар  жұмысымен  танысу  үшін  арнайы  техника  мен құрал-жабдықтар шығарылды. Қатысушылардың әрқайсысы құтқару  құралдарымен  танысты.

Жарыстар негізінде жеңімпаздарға  және  барлық  қатысушыларға жүлделер мен  сыйлықтар  берілді.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі