Алматы қаласы Құтқару қызметінің құтқарушылары бес жасар баланы құтқарды

2019 жылғы 14 мамыр 16 сағат 29 минутта Алматы  қаласының құтқару  қызметінің «109» нөміріне Орбита – 3 шағын ауданының бес қабаты  балконының қоршауына кішкентай баланың шығып кеткенін, төменге  құлауы мүмкін екендігін хабарлаған. Шақыру орнына құтқарушылардың жедел экипажы аттанған, олар полиция мамандарының  қатысуымен пәтердің  есігін бұзып кірген. Пәтерде үлкендерден  ешкім болмаған, 10.10.2013 жылы туған  бала жалғыз өзі болған,  балкон арқылы  далаға  ойнауға  шықпақшы болған.  Құтқарушылар баланы балконның ішкі жағынан түсіріп алған, баланы  құтқаруға төменгі  қабатта тұратын  көрші де  көмек жасады. Бала  ешқандай жарақат  алмағандықтан  дәрігерлік  көмек  қажет  болмады.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі