Алматы  қаласының  құтқару  қызметінің  мамандары  Алматы  облысындағы  Әйтей қоқыс  полигонындағы өртті сөндіруге  қатысты

Алматы облысының Қарасай ауданы Әйтей қоқыс полигонындағы өрттен кейін өрт қалдықтарының жануын тоқтату бірнеше тәулікке созылды. Ауданы 1 га құрады. Тек Алматы облысының ғана емес Алматы қаласының күші мен құрал-жабдықтары жұмылдырылды.

Өрт қалдықтарының орындарында суды ағызу мен құю жұмыстары аяқталды. Үш күннің ішінде су ағызу құрылғылары бар КА-32 және МИ-8 тікұшақтары 840 текше метр суды өртті сөндіруге қолданды. Арнайы техника шамамен 3 мың текше метр грунт жеткізді.

Полигонда арнайы штаб құрылды. Алматы қаласының құтқару қызметі өртті жоюға қатысқандар үшін шатырлы лагерь ұйымдастырды.

Механикаландырылған барлауды қамтамасыз ету үшін өрт орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2 бірлік өрт сөндіру машинасы, Алматы қаласы құтқару қызметінің 5 бірлік самосвалы мен 1 бульдозері жұмылдырылды.

Өрт қалдықтарын жою орындарында барлығы 97 бірлік техника және Алматы қаласы мен Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының, Алматы облысы мен қаласының ТЖД, Алматы қаласы құтқару қызметінің, Ұлттық гавардияның, ЦМК, Қазселденқорғау, «KAZ Waste Converrsion» ЖШС –нен барлығы 148 адам қатысты. Алматы қаласының құтқару қызметінен арнайы техника 12 бірлік және жеке құрамнан 26 адам  қатысты. 

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі