Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де І Халықаралық психологиялық форум-марафон өтті

17-19 мамыр аралығында   Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-де “Дағдарыс және төтенше жағдайлардағы психологиялық көмек”  атты I Халықаралық психологиялық форум-марафон өтті.

Алматы қаласының  Құтқару қызметінен форумға психолог Амирова Ботагөз Жүсіпбекқызы қатысты, ол “Төтенше жағдайлардағы шұғыл психологиялық көмек – Алматы қаласы құтқару қызметінің жұмыс тәжірибесі” тақырыбына мастер – класс өткізді. Форум аясында Ресей Федерациясы ТЖМ, Алматы қ.ТЖД және РЖҚЖ, ҚазМЗУ жанындағы Қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар басқармасы академиясы (Астана қ.) және “Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы”қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері  басқа да мастер-класстар өткізді.

Баспасөз қызметі
ШЖҚ “Алматы қаласының құтқару қызметі” МКК»