Алматының Іле Алатау паркінде жыл сайынғы «Алау-2019» оқулары өтті

Іле Алатауы Мемлекеттік ұлттық табиғи  паркінде  жыл  сайынғы  «Алау -2019» оқулары өтті, оқуларға Алматы қаласының  Құтқару  қызметінің  бөлімшелері  қатысты.

Түпкілікті ой бойынша табиғи парк аумағында өрт орын алды. Ормандарды  әуеден күзету Алматы  бөлімшесінің байқаушы  ұшқышы Алмаарасан шатқалының батыс жағындағы еңістіктегі 3 га  артық аумақтағы өсімдік алаңының жанып жатқанын байқаған. Өрт туралы бірден радиодиспетчерлік орталыққа хабарланып, жедел түрде орман  паркінің    арнайы  өрт  техникасы өрт  орнына жіберілді. Өзара  әрекеттестік жоспары  бойынша ақпарат  «101» және «112»  қызметтеріне беріледі. Күшті  желдің  әсерінен өрт орман паркінің аумағына жайыла бастады, өрттің жақын  маңда  демалып  жатқан  туристердің  шатырларына жету қаупі пайда  болды.

Орман шаруашылығы қызметкерлеріне көмекке ҚР ІІМ ТЖК –нің «Қазәуеқұтқару» АҚ,  «Қазәуеорманқорғау» РМҚК  және  Алматы  қаласы құтқару  қызметінің  МИ-8 тікұшағы  мен өрттен қорғау  бөлімшелері  келіп  жетті. Шартты өрт аумағына су түсіруден  кейін  құтқарушылар  әуе  кемесінен ықтимал зардап шегушілерді іздеу үшін  кинологиялық топпен  ТЖ аумағына десанттауды жүргізді.

Алматы  қаласының  «109» қызметінен оқулар  орнында далалық  ас  үйі және зардап  шегушілерді қабылдау қосыны  орнатылды.

 Оқуларға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар  департаменті,  Алматы  және Алматы облысының  ТЖД  «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Қазәуеқорғау» АҚ, Алматы қаласының құтқару  қызметі, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК, «Медеу» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі,  «Апаттар медицинасы орталығы»  ММ, Алматы  қаласының ПД,  «Тазалық»   МКМ, Алматы  қаласының кәсіпкерлік және  инвестициялар басқармасы  қатысты.

Азаматтық қорғаныс қызметінен  121 адам,  арнайы  техникадан 22 бірлік және 4 әуе  кемесі  қатысты

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі