Алматы қаласының құтқару қызметінен Арыс қаласына ақшатырлы лагерь, тіршілікті қамтамасыз ету пункті және далалық ас үй жіберілді

Бүгін 26 маусымда, 16 сағат 30 минутта Алматы  қаласының құтқару қызметінен  Арыс  қаласына  КамАЗ автөлігімен  тіршілікті  қамтамасыз  ету  пункті, далалық ас үй және 100 адамға арналған  ақшатырлы  лагерь жөнелтілді. 6 адамнан тұратын  жеке құрам  мен  4 бірлік техника жіберілді.

Кеше, кешке қарай бір күнде жиналған жүк, құрылыс материалдарынан  тұратын 60 тонна гуманитарлық көмекті Арыс  қаласына  Алматы  қаласы  әкімі аппаратының Құтқару қызметінің  Тұрғындарды инженерлік қорғаудың  ұтқыр  отряды жөнелткен болатын.

Құрылыс материалдарын жинау  әлі  де  жалғасуда. Тілек  білдірушілер Алматы  қаласы құтқару қызметінің  базасы орналасқан Сүйінбай  көшесі 244  мекен жайына келіп жолығуларына болады, тел:  +77051850348, +77784394483.

 

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі