«Сайран» көлінде ер адам суға батып кетті

08 шілдеде «Сайран» көлінде Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушысы Төле би көшесі жағындағы көпірден суға секіргелі тұрған ер адамды байқаған. Жағажай аумағында болған құтқарушы бұл жерде суға түсуге болмайтынын ескерткен. Ер адам ескертуге назар аудармаған, суға секіріп кетіп, бірден жоғалып кеткен. Бұл жағдай сағат 15-05 те орын алды. Құтқарушылар оның артынан суға түсіп, денесін тек 17 сағат 51 минутта тауып алған. Ер адамның суға батып кеткені анықталды.

Аталған оқиғаның себептерін өкілетті органдар анықтауда.

Бұған дейін, 7 маусымда құтқарушылар ата-аналарынсыз, 11 жастағы әпкесімен көлге келген суға батып бара жатқан 7 жасар қызды, 4 шілдеде катамаран маңында құтқару жилетінде болған 1987 жылы туған ер адамды ес-түссіз жатқан жерінен құтқарып қалған болатын  

Көлде құрамында 5 құтқарушы, 1 дәрігер – құтқарушы, 3 мотор қайығы бар құтқарушылар құрамы кезекшілікпен өз қызметтерін тәулік бойы атқаруда.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі