Бір тәулікте Аламаты қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары тауда үш іздеу-құтқару операциясын жүргізді

Соңғы тәулікте Алматы қаласының құтқарушылары адамдарды іздеу-құтқару үшін тауға үш рет көтерілуге мәжбүр болды. «109» нөміріне алғашқы шақыру 04 тамыз түнгі уақытта 00 сағат 05 минутта түскен. Горельник шатқалы аумағында жас жігіт аяғын зақымдап алып, өз бетінше алға қарай қозғала алмаған. Қажеттті жабдықтары бар құтқарушылар оны Горельниктің жоғарғы жағынан тауып алып, алғашқы дәрігерлік көмек жасаған. Зембілмен таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған, әрі қарай жас жігіт стационарға жеткізілді.

Екінші жағдай күндізгі сағат 12-50-де орын алған. Бес адамнан тұратын топ, құрамында үш бала бар, жоғалған. Бұл жолы іздеу-құтқару операциясы Кіші Алматы шатқалында жүргізілді. Құтқарушылар топты аталған координаттары бойынша Фурманов шыңының маңынан тауып алған. Топтағылардың ешқайсысы дәрігерлік көмекке мұқтаж емес екендіктерін айтқан. Топты «Медеу» бөгеніне дейін жеткізіп, құтқарушылар олармен тауда жүру ережелері бойынша әңгімелесу өткізген, пайдалы кеңестерімен бөліскен. Іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Кешке қарай екі жас тауға қарай көтерілген. Шақыру 21 сағат 20 минутта болған. Құтқарушылар Алмаарасан шатқалына келіп, жігіттермен ұялы байланыс арқылы хабарласқан. Аталған хабарламалар бойынша қыз (1998 жылы туған) және жігіт (1993 жылы туған) табылды. Құтқарушы-дәрігер денсаулықтарын тексерген, ешқандай шағымдары болмаған. Құтқарушылар жастарды көліктеріне алып келіп, қалаға жеткізген.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі