«Сайран» көлінде TEMIRADAM кубогы шеңберінде триатлоннан халықаралық жарыстар өткізілді

2019 жылдың 3-4 тамызында Сайран көлінде «TEMIRADAM» кубогы шеңберіндегі жарыстардың VIII кезеңі өткізілді. Жарыстардың қауіпсіздігін Алматы қаласы әкімі аппаратының Құтқару қызметінің құтқарушы-сүңгуірлері қамтамасыз етті.

Алматы қаласындағы жарыстарға 182 жеке спортшы және Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен (үш адамнан тұратын) 10 команда қатысты.

Спортшылар «олимпиялық дистанцияда» (1500 м. жүзу + 40 шақ. вело + 10 шақ жүгіру) жарысты.

Сайран көлі триатлеттерді әдетте Қазақстанның оңтүстігінде найзағай алдында болатын ыстық және қапырық ауа-райымен қарсы алды. Алайда жарыстар өте жоғары жылдамдықта өткізілді. Ерлер арасында теңдессіз көшбасшы жеңімпаз, тәжірибелі триатлет және жаттықтырушы, көпжылғы Ironman Павел Артюшенко (Алматы) болды. Оның артынан іле-шала дерлік Максим Мазур, Максим Мжельски (екеуі де оңтүстік астанамыздан) және мәскеулік Арсений Елисеев келді. Артюшенко жылдамдықты арттырып, нәтижесінде жарыстардың жалғыз көшбасшысы болды – ол жарысты 2 сағат 09 минут 22 секундта аяқтады. Жас ерекшелігіне байланысты санаттағы жеңісінен басқа Павел жеке есепте де абсолютті жеңімпаздардың бірі болды.

Қыздар жарысында да тәжірибе алдыңғы орында болды. Алғашқылардың бірі болып алматылық триатлетші Екатерина Шатная келді. 2004 жылғы олимпиадалық ойындардың қатысушысы, «алмаз ханым» (Гавай аралдарындағы IRONMAN әлем чемпионатына қатысқан әйелдерді осылай атайды) барлық жарысқа қатысушылардан алдына жан салмады. Екатеринаның нәтижесі ерлермен бірдей, 2 сағат 27 минут 08 секунд. Командалық жарыстарда 2 сағат 08 минут 08 секунд нәтижесімен AlmatyBroTeam (Алматы) командасы үздік болды.

Жарыстарды Қазақстан триатлон федерациясы ұйымдастырды, жарыстардың қорытынды бөлігі күз айында Каспий теңізінің жағасында Ақтау қаласында өткізіледі.

Жарыстарға Алматы қаласының құтқару қызметінен 15 құтқарушы, 4 мотор қайығы және 2 техника бірлігі қатыстырылды.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі