Алматы қаласы «109» Құтқару қызметі құтқарушыларының тауда адасқан ресейлік азаматты құтқаруы

2019 жылғы 08 тамызда 12:31-де Алматы қаласы құтқару қызметінің «109» нөміріне шақырту келіп түскен. Талғар шатқалы ауданында 22 жастағы жас жігіт, Ресейлік азаматтың адасуы туралы хабар болған, ер адам кері қайтар жолды таба алмаған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар экипажы аттанған. Жігіт өзінің қай жерде екендігі туралы нақты хабарды айтпағандықтан, құтқару-іздеу жұмыстары біршама уақытқа созылған, алайда құтқарушылар жас жігітті тауып алды.

Жас жігіт Алматы қаласындағы туыстарына қонаққа келген. Туристерге арналған жол көрсеткіш анықтамалықты алып, тауға шықпақшы болған. Қажетті заттарды алып, кеше таңертең жолға шыққан. Түнде тауда ақшатырда түнеген, таңертең қалаға қайтпақшы болған. Түске қарай жол көрсеткіште көрсетілген маршрут бойынша келе жатқанын, алайда басқа жол екенін түсінген. Адасып, өз бетімен қайтар жолды таба алмай қалған. Өзімен болған ұялы телефоны арқылы құтқарушылар көмегіне жүгінген.

Іздеу-құтқару операциясы табысты аяқталды. Жас жігіт дәрігерлік көмекке мұқтаж емес екендігін айтты, құтқарушылар онымен «109» қызметінің арнайы автокөлігі тұрған жерге дейін келіп, үйіне дейін жеткізіп салған. Құтқару жұмыстарына 6 құтқарушы, 1 техника бірлігі қатысты.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі