Көктөбедегі өрт толықтай сөндірілді

Кеше 11 тамызда 14 сағат 28 минутта Алматы қаласының «101» пультына Медеу ауданындағы далалық өрт туралы хабарлама келіп түскен. Шамамен Көктөбе телемұнарасынан бір шақырымдық қашықтықта тау еңісіндегі құрғақ шөптің жанып жатқаны белгілі болған. Алдын ала жоспарлау бойынша жану ауданы – 10 га. Периметр бойынша жерді ору жүргізілгендіктен тұрғындар мекеніне қауіп-қатер болмаған.

Кейінірек өртті сөндіруге ҚР ІІМ ТЖК-нің «Қазәуеқұтқару» және Алматы қаласы Құтқару қызметінің тікұшақтарын қатыстыру туралы шешім қабылданды. Алматы қаласының Құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшағы су ағызу құрылғысы арқылы жақын маңдағы су айдындарынан жану ошағына су ағызуды жүргізді. Барлығы екі тікұшақ арқылы жалпы көлемі 36 куб. су 12 рет жіберілді. Әуе кемелері сағат 20:00-ге дейін өрт сөндіру жұмыстарына қатысты.

Аталған шаралардың арқасында 22 сағат 48 минутта өрт ошағында жұмыстар жүргізіліп, 12 тамыз 00:02-де өрт жойылған.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі