Қарғалы өзенінен келетін су тасқыны қаупі сейілді

Соңғы екі айда температуралық фонның жоғары болып, күннің ысуынан 14 тамызда 06:20-да Қарғалы өзеніндегі №1 көлдің су арнасының 5 куб.м/сек тасуы орын алған, көлдегі су деңгейі 5 метрге дейін көтерілген, алдын ала жоспарлау бойынша тасыған су мөлшері 20 мың.кубты құрады.

Тез арада Қарғалы шатқалында тұратын тұрғындарды сиреналық-дыбыстық құрылғы арқылы хабарландыру жүргізілді. Тұрғындарды дабылды дауыс күшейту байланысы арқылы құлақтандыру үшін Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімшелері, жол-патрулді экипаждар жіберілді. Наурызбай ауданында зардап шегушілерді қабылдау пункттері, көшіру үшін Бостандық ауданының мектептері дайындалды.

Наурызбай ауданының Қарғалы өзенінің бойындағы учаскеде газды, электр қуатын тоқтату жұмыстары жүргізілді. ТЖ жою бойынша оперативті штаб құрылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері Алматы қаласындағы ТЖД дағдарысты-жағдай орталығында жиналды. «Қазәуеқұтқару» АҚ, Алматы қаласының құтқару қызметінің тікұшақтары, Ұлттық гвардияның жеке құрамы дайындыққа келтірілді.

Аталған көлді босату жөніндегі алдын ала сақтандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 6 маусымында басталған болатын, жұмыстар үшін өнімділігі жоғары 6 сорғы, пластикалық құбырдан жасалған сифон тізбектері қолданылды, сондай-ақ экскаватордың көмегімен суды транзитті жіберу арнасы қазылды. Тұтастай алғанда, жыл басынан бері бастапқы су мөлшері 77,2 мың куб болса, оның 1,6 млн.куб шығарылған (ағындылар болмаса аталған көлді 20 есе босатуға болатын еді).

Су басу қаупі бар 8 учаске анықталды, сондай-ақ жалпы саны 59 бірлік техника, 216 адам жедел әрекет ету күштері ретінде жұмылдырылды.

Ақпарат бойынша 08 сағат 43 минутта су қабатының сүйірленуі тоқтатылды. Өзен арнасы қалпына келтіріліп, секундына 20 кубқа дейінгі су өткізу мүмкіндігі байқалды.

Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарының су басып қалу қаупі бар учаскелерінде өзен арнасының су өткізгіштік мүмкіндігін арттыру жұмыстарын уақытында жүргізген Қазселденқорғау, Алматы қаласы Құтқару қызметінің арнайы техникасы қойылды.

Көлде және бөген аймағындағы жағдайды «Қазселденқорғау» ММ, бөгеннен төмен Алатау ауданына дейінгі аймақты ТЖД бақылауға алып отыр. Су басып қалу қаупі бар аймақтар бақылауға алынды. Аулаларды, көшелерді немесе басқа да нысандарды су басып қалу оқиғалары тіркелмеді. Қала тұрғындары үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ. Карғалы өзенінің арнасы штаттық тәртіпке ауыстырылды.

Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша оперативтік штаб жұмысы тоқтатылды, жағдайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бақылауға алды.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі