Алматы қаласы Құтқару қызметінің құтқарушылары «Irbis Race 2019» халықаралық тауда жүгіру марафонында қауіпсіздікті қамтамасыз етті

2019 жылғы 24 тамызда Алматы облысының аумағында «Irbis Race 2019» халықаралық тауда жүгіру марафоны өтті. Аталған іс-шара Халықаралық Трейлраннинг (ITRA) Ассоциациясының (жолсыз жерлерде жүгіру, тауда жүгіру) күнтізбесіне енгізілген.

«Irbis Race» – әуесқойлар мен кәсіби жүгірушілерге арналған спорттық іс-шара. Марафон әйгілі «Жер шарына саяхат» туристік маршруты: ГАИШ обсерваториясы– Үлкен Алматы көлі – Туристер шатқалы – Талғар шатқалы – Бутаков шатқалы – Кімасар шатқалы бойынша таулы жерде өткізілді. Жүгіру қашықтығы 50 шақырым. Жарыстарды өткізу қауіпсіздігін Алматы қаласы әкімі аппаратының Құтқару қызметінің құтқарушылары, құрамында 5 құтқарушы, 1 дәрігер – құтқарушы және 2 техникасы қамтамасыз етті.

Жарыстардың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық дене шынықтыру түрлері мен спортты дамыту, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, еліміздің спорттық беделін қалыптастыру. Жарыстарға 15 елдің өкілдері Ресей, Франция, Канада, Польша, Англия, Қырғызстан, АҚШ, Өзбекстан спортшылары қатысты.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі