Алматы қаласының құтқарушылары Көкжайлау шатқалында үш туристі шығарып алды

2019 жылы 25 тамыз 21 сағат 28 минутта Алматы қаласы Құтқару қызметінің «109» нөміріне Көкжайлау шатқалындағы беткейден үш туристің өздігінен түсе алмай, көмек сұрағаны туралы шақыртуы болған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар қажетті аспатарымен өзен бойымен шатқалдың жоғарғы жағына қарай жаяулатып шыққан. Шамалы уақыттан кейін құтқарушылар адасқан 2002 жылы туған екі жас жігіт пен қызды тауып алған. Олар дәрігерлік көмекті қажет етпейтіндіктерін айтқан. Құтқарушылар оларды жер бедері күрделі беткейден альпинистік жабдықтың көмегімен түсіре бастаған. Түнгі 03-20-да қараңғылық себебінен қауіпсіздік мақсатында туристерді түсіру тоқтатылған. Құтқару операциясы таңғы сағат 06-00-де қайта жалғасты.

Туристерді құтқару 26 тамыз күні 09 сағат 20 минутта сәтті аяқталған. Туристер қауіпсіз жерге «Медеу» мұз айдынының қасына дейін жеткізілген. Аталған операцияға Алматы қаласы Құтқару қызметінің 3 құтқарушысы мен 1 техникасы қатысты.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі