Жыл басынан бері Алматы қаласының құтқарушылары қалалық өзен арналарынан 2 мың кубометр қоқыс қалдықтарын шығарған

Алматы қаласының Құтқару қызметі жыл басынан бері екі мың куб қоқыс қалдықтарын шығарған.

Қысқы кезеңде тау өзендерінде жиналған мұз құрсауларын тазалаумен қатар құтқарушылар өзен арналарын адамның тұрмыс – тіршілігіне байланысты әртүрлі қоқыс қалдықтарынан тазалауда. Атап айтқанда қоқыс арасында тұрғындардың тікелей өзен арналарына тастаған тұрмыстық техникасының, жиһаз, автокөлік шиналары және басқа да ірі көлемді заттардың қалдықтары кездеседі. Мұндай қалдықтардың өзендерде жиналуы Алматы қаласының аумағындағы көшелердегі тұрғын үйлерді, қора-жайларды су басып қалу қаупіне әкеледі.

Өзендерді қоқыс басып қалуға қатысты қаламызда штаттан тыс жағдайға жол бермеу үшін құтқарушылар бірнеше алдын алу шараларын жүргізді: өзендердің жағалауларын күшейту, өзен арнасының түбін күрделі инженерлік техниканың көмегімен тереңдету және қоқыстан тазалау жұмыстары. Мұндай жұмыстар күн суыту жағдайында өзен арналарынан қала аумағындағы каналдарға судың құйылуын азайтады, яғни температураның төмендеуі кезінде өзендерде жиналып қалған мұз су ағысына кедергі келтіріп, жиналған мұз құрсаулары су деңгейінің көтерілуіне әсер етеді.

Өзен арналарын қоқыстан тазалаудың алдын алу шараларын құтқарушылар қаланың барлық аударындарында жүргізді. Алатау ауданында ТЭЦ-2 аумағы мен «Алғабас» шағын ауданындағы Қарғалы өзенінің арнасы тазаланды. «Шаңырақ-2» шағын ауданында Тереңқара өзені мен Үлкен Алматы каналы арнасында тазалау жұмыстары жүргізілді.

Әуезов ауданында Райымбек даңғылынан «Алтын бесік»шағын ауданына дейін және Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта Қарғалы өзені арнасы тазаланды.

Алмалы ауданы – Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықтағы Есентай өзені.

Бостандық ауданы – М-1 және М-2 арналары, Үлкен Алматы өзені.

Жетісу ауданы – Галилей, Летняя, Бөкейханов, Серіков көшелері бойымен Есентай өзені, «Айнабұлақ-2», «Көкмайса» және «Көкжиек» шағын аудандары.

Медеу ауданы – Тиіксай, Терісбұлақ, Ботбасай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері.

Түрксіб ауданы – «Қайрат» және «Жас Қанат» шағын аудандарындағы Жарбұлақ өзені.

Наурызбай ауданы – Қарғалы, Тастыбұлақ және Ақсай өзендері.

Орын алған штаттан тыс жағдайларға шұғыл түрде әрекет ету аудандық әкімдіктер мен қалалық ТЖД-нің қолдауымен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Алматы қаласын су басып қалу қаупінің болмауына қарамастан, құтқарушылар тағы бір маңызды міндеттің алдын алып отыр, яғни күзгі су тасқыны кезеңінің басталуы алдында қалалық өзен арналарын қалыпты жағдайға келтіріп отыр. Мысалы, Жетісу ауданындағы Есентай өзенінің арнасын тазалау жұмыстарына жеке құрамнан 6 адам және 4 бірлік техника қатыстырылды.

Алдағы су тасқыны кезеңіндегі ықтимал ТЖ зардаптарын жою дайындығын қамтамасыз етудің алдын алу шараларын жүргізу бойынша Алматы қаласының «109» қызметінде қажетті арнайы техника, мотопомпалар, инертті материал мен қаптардың қажетті қоры дайындалған.

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ

Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК

Баспасөз қызметі