Алматы қаласының Құтқару қызметінің кинологиялық тобы «Қазқұтқару-2019» 24-ші республикалық жаттығу-жиынында жүлделі орынға ие болды

2019 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысының Таңбалы тас шатқалының «Астана жартасты қала» оқу-жаттығу полигонында 24-ші республикалық оқу-жаттығу семинары аяқталды.

«Қазқұтқару- 2019» семинар-жаттығуының негізгі мақсаты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алғанда құтқару бөлімшелерінің апатты-құтқару, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту мен жетілдіру, сондай-ақ апатты – құтқару жабдықтары мен техникасын қолданудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру, апатты құтқару жұмыстарын жүргізуде тәжірибе алмасу мен өзара жұмыс жасауды зерделеу.

10 күннің ішінде оперативті-құтқару отрядтарының командалары құтқару көпсайысындағы жарыстардың күрделі түрлерінде бақ сынасты. «Қазқұтқару – 2019» семинар-жаттығуыларына Қазақстанның барлық аймақтарынан 16 құтқару командасы қатысты.

Өткізілген жарыстар қорытындысы бойынша Алматы қаласының Құтқару қызметінің кинологиялық тобы командалық жарыста бірінші орынды, жалпы қорытынды бойынша бесінші жүлделі орынды жеңіп алды. Дайындалған іздеу-құтқару иттері табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайда зақымдалушыларды іздестіруде жақсы нәтижелер көрсетті.

Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі