Жабылып қалған пәтер есігінің кесірінен егде жастағы адам төртінші қабаттан құлады

Пәтердің есігінің жабылып қалуынан егде жастағы адам төртінші қабаттан құлаған.

Бүгін, 11.11.2019 жылы 14 сағат 41 минутта «109» кезекшісінің пультына Алматы қаласының Жетісу ауданының көп қабатты пәтерлерінің бірінен есікті ашып беру туралы шақырту болған. Құтқарушылар келіп жеткенде анықталғаны, 1943 жылы туған ер адам көршісінің балконы арқылы кіріп, есікті ішінен өзі ашпақшы болған. Алайда биіктен құлап, жәдел жәрдем келгенше алған жарақаттарынан көз жұмған. Үш адамнан тұратын апаттық – құтқару отряды пәтердің есігін ашқан, себебі құлыптағы ақаудан болған.

Алматы қаласының құтқару қызметі азаматтарды өз өмірлерін қауіп-қатерге ұшыратпауға және қауіпті жағдайларда «109» нөмірі арқылы құтқарушыларды шақыруға үндейді.