Тауда жоғалған қызды іздестіруге Алматы қаласы әкімі аппаратының «Алматы қаласының құтқару қызметі» құтқарушы-альпинистері қосылды

2019 жылдың 9 қарашасында  1993 жылы туған  А.М.Панаргалиева тауға саяхаттауға кетіп,  қайта оралмаған. Туыстарының  айтуынша  2019 жылы 10 қарашада кешкі  уақытта  қызды іздеуге  ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушылары шыққан. Алайда іздеулер ешқандай нәтиже бермеді. 12 қарашада IMEI-коды бойынша қыздың таудан  түскені  анықталуы себебінен турист қыздың анасының  өтініші  бойынша  іздеулер  тоқтатылған.

2019 жылдың 13 қарашасында ҚР ІІМ ТЖК  Үлкен Алматы шыңының маңайында  А.М.Панаргалиеваны іздеуді қайта жалғастырған. 2019 жылдың 14 қарашасында 16 сағат 00 минутта «Борылдай» әуежайынан құрамында Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушылары бар «Қазәуеқұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағы көтерілген. Тікұшақпен үш метрлік және одан жоғары  биіктікте  іздестіру жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың 15 қарашасында турист қызды  іздеуге  таңғы сағат 9-00-ден ҚР ІІМ ТЖК РЖҚО құтқарушыларына Алматы  қаласы  әкімі  аппаратының «Алматы қаласының құтқару қызметі»,  апаттан құтқару отрядының  бастығы Нұрбол Тұрсыналиев  екі  іздеу  итімен  және  екі арнайы  техникамен  қосылды.