«Алматы қаласының құтқару қызметі» Алматы қаласы өзендерінің арнасын тазалау жұмыстарын жүргізуде

Өзен арналары маңындағы аумақтарды су басып қалу қаупін болдырамау  мақсатында Алматы  қаласы  әкімі  аппаратының  ШЖҚ «Алматы  қаласының құтқару қызметі»  МКК Алатау ауданында  және  Наурызбай  ауданында  Қарғалы өзенінің арнасын  тазалау  бойынша  алдын  алу  жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар  арнайы  техниканың  көмегімен өзен  арнасының  түбін  тереңдетіп, жиналып  қалған әртүрлі қоқыс  қалдықтары  мен лай-балшықтан тазалауда. Алты  алаш көшесінен  Райымбек  көшесіне  дейінгі,  Райымбек  көшесінен Алғабас шағын ауданына  дейінгі  аралықтағы  өзен  арнасы  тазаланып, 30 куб. метр қоқыс шығарылды.  Жұмыстарға  109 Құтқару қызметінің  9 техникасы және жеке  құрамнан 9 адам  тартылды.