Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шаралары туралы брифинг өтті

Брифингте сел қауіпсіздігі мәселелері, автоматтық мониторинг жүйесінің жұмысы және «Ақсай», «Аюсай» шатқалдарындағы плотина құрылысы қаралды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Әубәкіровтің атап өткеніндей, қаламызда сел қаупін бақылап отыратын автоматтандырылған жүйе жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның 1 кезеңі аяқталды, оның барысында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде 2 көл станциясы, 2 негізгі, 3 арналы және 3 бөгетті станция орнатылды.

Автоматтандырылған мониторинг жүйесінің құрылысы екі жылда, 2019-2020 жылдары жүргізіледі. Ағымдағы жылы Алматы қаласының жергілікті бюджетінен құрылыстың бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін қаржы бөлінді. Екінші кезеңде 21 станцияның құрылысы жобалануда. Бақылау станцияларынан берілетін ақпараттың орталық серверге дейін қорғалған жүйесін қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, «Қазселденқорғау» және Төтенше жағдайлар департаментінде диспетчерлік орындар жасалды.

Автоматтандырылған мониторинг жүйесі нақты бір уақытта гидрометеорологиялық жағдайды, Іле Алатауының орталығындағы мұздықты көлдерді және селдік қаупі бар ағындарды дистанциялы түрде бақылпап отырады.

Брифингте «Сейсмология институты» ЖШС сектор бастығы Дәулет Сәрсенбаев Алдын ала хабарлаудың Автоматтандырылған цифрлық жүйесін құру жұмысының жүргізілуі туралы баяндама жасады. Аталған бағытта аймақтың сейсмотектоникалық ерекшеліктеріне сәйкес күшті жер сілкінісін анықтау бойынша АЦСРО орнату жобалануда. Швейцарлық фирманың жабдығы сатып алынып, 6 қосында орнатылды. Оның негізі Жапондық Метеорологиялық Агенттік үшін әзірленген алдын ала хабарлау жүйесінің алгоритмдері болып табылады.

Алматы қаласы әкімі аппаратының ЖШҚ «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК директоры Дмитрий Чухонцев Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарының Жоспарына сәйкес 2019 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейін Алматы қаласының аумағында орналасқан өзендер мен көлдер арналарынан 4302 куб.м қоқсық, 990 куб.м қар мен мұз шығарылғанын хабарлады. Күнделікті ТЖ алдын алу үшін 15 арнайы техника жұмыс жасайды.