Өткен демалыс күндері тауда екі адам құтқарылды

7 желтоқсан күні 18 сағат 25 минутта 109 кезекші пультына 112 кезекшісінен Кімасар шатқалында екі адамның көмек сұрағаны жайлы, біреуіне дәрігердің көмегінің қажеттігі туралы хабарлама болған.

Уақытты үнемдеу мақсатында іздеу – құтқару жұмыстарына құрамында 6 құтқарушы бар Алматы қаласының құтқару қызметі мен ҚР ІІМ ТМЖ Республикалық құтқару отрядының құтқарушылары және кинологиялық топ жұмылдырылған. Жедел жұмыстардың нәтижесінде зардап шегушілер тез арада табылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.