ҚР ІІМ ТЖК-нің «Көктем 2020» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуын дайындау мен өткізуді ұйымдастыру бойынша 21.02.2020 жылғы қаулысына және азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің, құралдарының 2020 жылғы көктемге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 25-26 ақпаны аралығында Алматы қаласында қатысты қызметтермен, аудандық әкімдіктермен бірге «Көктем 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Алматы қаласының құтқару қызметі Наурызбай ауданы мен Алатау ауданындағы оқу – жаттығу орнында тәжірибелік іс-шаралар өткізуге белсене қатысуда. Іс-шараларға жеке құрамнан 40 адам, 23 бірлік техника қатысып, аталған шараға қатысушы барлық қызметкерлерге далалық асүй жинақталды. Бірінші кезекте аталған іс-шаралар су басып қалу қаупін болдырмау үшін өзен бойында орналасқан елді мекендерде жүргізілуде.