Біз туралы

«Алматы қаласының құтқару қызметі» Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны ретінде, Алматы қаласы әкімдігінің Қаулысымен «Апаттан құтқару қызметтер және құтқарушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл оңтайлану мақсатында 2001 жылдың 3 қазанында құрылған.

2014 жылдың 13 тамызында кәсіпорын мемлекеттік қайта тіркелуден өтіп, Алматы қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып тіркелді.

Құтқару қызметінің қызметкерлері Алматы қаласының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға тікелей қатысады.

Өзінің қызметтік мүмкіндіктері, әр түрлі құтқару және арнайы құрал-жабдықтардың бар болуы бойынша, сонымен қатар құтқарушылардың кәсіби дайындығы арқасында топтар әр түрлі деңгейдегі міндеттерді тәулік бойы режімде шеше алады. Едәуір жиі дәл құтқару қызметінің машиналары оқиға орындарына бірінші болып келеді. Ірі жол-көлік оқиғалары, топырақтың ойылып түсуі, су деңгейінің көтерілуі мен көшкіндер, тұрғын және өндірістік ғимараттардағы жарылыстар, ірі өрттер – бұл алматылық құтқарушыларға кездесетін төтенше жағдайлардың кейбір мысалдары. Ірі төтенше жағдайлар аумақтарында апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу және адамдар өмірін өлімнен сақтап қалу үшін Құтқару қызметінің қызметкерлері Республикалық және Қалалық басқару органдарымен аталып өтілген.

Құтқару қызметінің экипаждары қаланың кез келген жеріне шығады, қажетті жағдайда облыста да апаттан құтқару жұмыстарын жүргізеді. Құтқарушылар – көбінесе әскерде қызмет атқарған, басым бөлігі – ерекше бөлімшелерде, жақсы дене дайындығы мен психологиялық тұрақтылығы бар адамдар. Бірнеше мамандық бойынша кәсіби дағдылары бар, құтқарушылар анықтамасына келетіндер. Жұмысқа түсер кезде кандидаттар міндетті түрде тестілеуден және дәрігерлік куәландырудан өтеді, бұл болашақ құтқарушылардың дене және психологиялық күш әсеріне бейімделуін белгілейді. Құтқару қызметінің жұмыскерлері тұрақты түрде альпинисттік, сүңгуір, кинологиялық, медициналық, өртке қарсы дайындық бойынша арнайы дайындықтан өтеді, апаттан құтқару құрал-жабдығымен жұмыс істеу үйренеді. Әрбір шұғыл экипаждың құрамына дипломды дәрігер немесе фельдшер кіреді.

img_3355Қала тұрғындары ұшыраған төтенше жағдайларға қатысты әр түрлі оқиғаларға жедел ден қою үшін Құтқару қызметінде Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметі бар. Қызметтің диспетчерлері тәулікте «109» нөміріне түскен 350-400-ден астам қонырауларға жауап беріп тұрады, мұнда олардың міндетіне ақпаратты қабылдау, оны жөні бойынша тапсыру, құтқарушыларды оқиға ауданына жіберу кіреді. Төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізу орнында құтқарушылардың жұмысын үйлестіру. Сонымен қатар Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметінің жұмыскерлері қаланың әр түрлі қызметтерімен тұрақты түрде өзара әрекеттесіп тұрады. Қалада көшелер мен нысандардың орналасуын жақсы біледі. Осы бөлімшенің жұмысы ылғи қажетті болып тұруын есепке ала тұра, Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.Тапсырмаларды шұғыл шешу үшін «109» бағдарламасына 7 коммуналды мекеме тартылды, бұл Алматы қаласының тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде апаттық айырулар және әртүрлі төтенше жағдайлар бойынша ақпаратты қысқа мерзім ішінде алуға немесе бағыттауға мүмкіндік береді. Қалада бір қатар қауіпті нысандар бар, олармен байланысты қаланың Құтқару қызметінің Дағдарысты жағдайларды басқару орталығы тұрақты түрде ұстап тұрады. Оның маңыздылығы қала аумағындағы ұйымдармен және республиканың әр түрлі ведомстволарымен кез келген жағдайларда тоқтаусыз байланыс қамтамасыз етуінде.

Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өз үлесін келесі құрылымдық бөлімшелер қосады:

Құтқару қызметінің кинологиялық тобы арнайы оқытылған иттердің көмегімен іс-әрекеттер жасауға арналған. Дайындықтан өткен түлектер үйінділер мен көшкіндерде адамдарды іздеу бойынша міндеттерді орындайды.

Алматы қаласы Құтқару қызметінің Әуеде іздеу-құтқару қызметі адамдарды іздеу және құтқару, шығуы қиын таулы аудандардан зардап шеккендерді жедел көшіруге, сонымен қатар МИ-8 МТВ-1 және МИ-8 АМТ  тікұшақтары көмегімен автомагистральдарды патрульдеумен сел қауіпі бар және өрт қауіпі бар жерлерге бақылау жүргізеді.

Кәсіби және жоғары білікті қызметкерлер мен қажетті саймандары және құрал-жабдықтары бар десантшылар-құтқарушылар штаты Алматы аймағының кез келген орнына жедел шұғыл көмек көрсету үшін өте қысқа мерзімде жетіп келуге дайын.

img_3287Алматы қаласының Құтқару қызметі жанындағы Дәрігерлік орталық уақытында жедел медициналық көмек көрсетуге және қаланың медициналық мекемелерімен өзара әрекеттестікте амбулаторлық және дала жағдайларында емдеу-көшіру іс-шараларын жүргізуге арналған. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу кезінде эпидемияларға қарсы іс-шараларды қамтамасыз етеді.

Дәрігерлік орталық тәулік сайын 300 адамға дейін зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтары бар пневмокаркастық дала госпиталімен және электр жабдықтау мен тіршілікті қамтамасыз ету дербес көздерімен қамтылған.

Алматы қаласы Құтқару қызметінің ТЖ алдын алу және жою бөлімі мен Тұрғындарды инженерлік қорғаудың ұтқыр отряды арнайы техниканың көмегімен жыл бойы көктем-күз кезеңінде су деңгейінің көтерілуінің алдын алу үшін өзендер мен көлдерде арналарды тереңдету, құмнан, балшықтан, жиналған тұрмыстық қоқыстан тазалау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Кәсіпорында Өндірісті жобалау және дайындау тобы, Күзеттік және өртке қарсы қондырғыларды монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету тобы, Әлсіз ток инженериясы бөлімі құрылып, табысты жұмыс істеп жүр. Бөлім 20 000 нысандарға дейін тәуліктік бақылау жасай алады.

img_3294Радиациялық, химиялық және бактериологиялық барлау бөлімшесі, Байланыс тобы, Көшпелі басқару пункті мен тіршілікті қамтамасыз ету пункті және Алматы қаласы әкімінің Жедел штабы – бұл қойылған міндеттерді дербес режімде орындауға қабілетті машықтандырылған топтар.

Ақ шатырлы лагерь табиғи, техногендік, тұрмыстық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дала жағдайларындағы уақытша мекен-жай немесе жеке құрам штабы ретінде пайдалануға арналған. 11 000 адамға арналған шатырлы лагерьдің жұмысын қамтитын қажетті құрал-жабдықтар бар.

Алматы қаласы Құтқару қызметінің барлық бөлімшелерінің үйлестірілген жұмысы нәтижесінде кәсіпорын тұрақты әзірлікте болып тұр және тиісті бағдар бойынша іс-шаралардың толық кешенін орындауға кірісуге қабілеті бар.

Сонымен қатар, қалалық Құтқару қызметі келесіні жүзеге асырады:

  • Азаматтардан, ұйымдардан және басқа да көздерден Алматы қаласындағы криминогендік, техногендік, медициналық және экологиялық жағдай туралы ақпаратты жедел жинауды. Төтенше жағдайлар мен олар пайда болу қауіпін тудыратын деректер туралы ақпаратты өңдеп, тиесілі жерге жібереді;
  • қалыптасып жатқан жағдайды бағалайды және төтенше оқиғалар мен басқа да апаттық жағдайлардың салдарын оқшауландыру және жою бойынша бірінші кезекті жұмыстарды ұйымдастырады; Алматы қаласының апаттан құтқару қызметтері, министрліктері мен ведомстволарының зардап шеккендерді апат аумағынан іздеп, шығару, көмек көрсету, зардап шеккендер мен материалдық құндылықтарды апат аумақтарынан көшіру кезіндегі өзара әрекеттесуін ұйымдастырады.

Алматы қаласы Құтқару қызметінің құрылуын өмірдің өзі талап еткен. Оның қызметі әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.