"Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының құтқару қызметі" МКК
Ресми интернет-ресурс
«Ай алаңы» ауданында 9 жастағы бала үлкен ілулі тұратын әткеншектен құлап, қолын жарақаттап алды. Соның салдарынан ол өздігінен жүре алмады.

«Ай алаңы» ауданында 9 жастағы бала үлкен ілулі тұратын әткеншектен құлап, қолын жарақаттап алды. Соның салдарынан ол өздігінен жүре алмады.

Оқиға орнына жедел түрде «ҮАШ» БҚП құтқарушылары шықты.

Олар зардап шеккен балаға жеткен соң, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, сүйек сынғанын растады, құтқарушылар баланы абайлап төменге түсірді.

Зардап шеккен бала әрі қарай тексеру мен ем алу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.