"Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының құтқару қызметі" МКК
Ресми интернет-ресурс

Алматы құтқарушылары баланы аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпірінен түсірді

📍Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 2014 ж.т. бала аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпіріне көтеріліп, қорыққандықтан өздігінен түсе алмай қалған.

🆘 Оқиға орнына Алматы қ. ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары жедел жетті.

Құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен баланы қауіпсіз жерге түсіріп, онымен қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

❗Құтқарушылар еске салады: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе аяқталмаған құрылыс нысандары мен қауіпті жерлердің маңында.