30 шілде күні сағат 09:17-де Алматы қаласының құтқару қыз метіне екі ер адамның «Проходное» шатқалынан төмен түсіп келе жатып, бағыттан адасып, тау өзенінен өте алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар тобы жіберілді. Сағат 09:57-де олар бұрынғы «Алмарасан» шипажайының маңындағы тұраққа жетті.
Координаттар бойынша өзен арнасымен жаяу түсіп, құтқарушылар туристерді өзеннің арғы жағасынан тапты.
Альпинистік құрал-жабдықтардың қолдана тұрып құтқарушылар оларды қауіпсіз түрде өзеннен өткізіп, тұраққа дейін жеткізді.
Медициналық көмек қажет болған жоқ, туристер үйлеріне өз бетімен қайтты.