2025 жылғы 3 тамыз күні сағат 17:49-да Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің жедел-диспетчерлік қызметіне «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағындағы «Комби-1» аспалы жолы маңында ер адамның аяғын сындырып, шұғыл эвакуацияны қажет ететіні туралы хабарлама түсті.
Сағат 17:54-те «Туюксу» бақылау-құтқару бекетінен бес құтқарушыдан тұратын кезекші топ бір техникамен оқиға орнына жіберілді.
Сағат 18:07-де құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, оны курорттың автотұрақ аймағына дейін эвакуациялады. Сол жерде ол әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.