Басып шығару

Күннің жылынуына байланысты Алматы қаласының Наурызбай және Алатау аудандарымен ағып өтетін Қарғалы өзенінде, көпір құрылымдарының астында мұз құрсаулары пайда болды.

Нәтижесінде Райымбек даңғылының бойындағы жеке меншік үйлерді су басып қалу қаупі туындап отыр.

Соңғы үш күнде қауіптің алдын алу және қалыптасқан жағдайдың зардаптарын жою үшін Алматы қаласы Құтқару қызметінің құтқарушылары жұмыс жасады. Жұмыстарға 6 бірлік техника және жеке құрамнан 10 адам тартылған. Күннің суытуына байланысты табиғаттың бұл құбылысын Алматы қаласы әкімдігі ерекше назарға алып отыр.