Басып шығару

Көмек туралы бірінші хабарлама 109 Құтқару қызметінің пультына 18 сағат 45 минутта келген.

Хабарласқандар қараңғы түсуіне байланысты адасып, жол таба алмай жүргендерін хабарлаған.

Олар «Шымбұлақ» тау кешенінің жоғарғы жағынан хабрласқан.

Құрамында 3 адам бар құтқарушылар тобы «Шымбұлақ» шыңына қарай жоғары көтерілген.

Іздестіру жұмыстары барысында қол шамның жарығы байқалды.

Теніз деңгейінен 2900 метр биіктікте құтқарушылар туристерді тауып алған.

Альпинистік жабдықтарды қолдана отырып, құтқарушылар демалушыларды қауіпсіз жерге түсіріп алды.

Екінші құтқару жұмысы қаланың Медеу ауданындағы «Думан» шағын ауданында жүргізілді.

Өтініш берушінің айтуынша Тексай өзенінде мұз құрсауы қалыптасып, су деңгейінің көтерілгенін, сол себепті Талғар тасжолы бойындағы тұрғын үйлерді су басып қалу қаупі бар екенін хабарлаған.

Мұз құрсауын тазалауға 4 арнайы техника мен 5 адамнан тұратын жеке құрам жөнелтілген.

Арнайы техниканың көмегімен қалыптасқан жағдайдың зардаптары алдын ала жойылды.

88643f2b bff2 40f7 9d65 35eaff95d0cc