3 қаңтарда Кіші Алматы шатқалындағы таудың солтүстік жотасындағы 3Б күрделілік санатындағы Мәншүк Мәметова атындағы шыңға көтерілу барысындағы оқу-жаттығу кезінде альпинистердің бірі көз жанарынан айрылды.
Топты 109 Құтқару қызметінің апаттан құтқару отряды бастығының орынбасары Дамир Молгачев радиобайланыс арқылы бақылап отырған.
Сол себепті барлық команданы тез арада таудан түсіру шешімі қабылданды.
Зардап шегушіге Құтқару қызметінің құтқарушылары, Тұйық су альпинистік лагерінің нұсқаушылары, Алматы қаласының Альпинизм федерациясының спортшылары алғашқы жәрдем көрсетті.
Зардап шегуші Тұйық су шатқалына түсірілді. Қазіргі уақытта көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді.
Әрі қарай науқастың жағдайына дәрігерлер бақылау жасайтын болады.