Алматының тауларында қар көшкіні екі адамды басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы қаласының құтқару қызметі» ШЖҚ МКК баспасөз қызметі сілтеме жасап.

13 сәуірде сағат 13:17-де «109» нөміріне Алматы қаласының құтқару қызметіне «Молодежный» шыңы ауданында көшкінге екі адам түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Алматы қаласы «109» қызметінен зардап шеккендерді іздеуге кинологтармен бірнеше топ құтқарушылар жіберілді, оның ішінде Алматы қаласы құтқару қызметінің екі тау-кен құтқару базасынан.

Алғашқы зардап шеккен адамды түрлі жарақатпен тірі тауып алды.  Оны Алматы қаласының құтқару қызметінің Ми-8 тікұшағымен «Медеу» ССК ауданына жеткізді. Одан әрі  стационарға жеткізу үшін «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігерлеріне берілді. Біраз уақыттан кейін екінші жәбірленушінің денесі табылды.

Іздестіру-құтқару операциясына: «Тұйықсу» КСП және ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД және «Қазселденқорғау» қызметкерлері жұмылдырылды.

Алматы қаласының құтқару қызметінен 25 құтқарушы, оның ішінде 2 кинолог және іздестіру-құтқару иті, 5 арнайы техникасы мен МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23