Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ

«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК қызмет көрсетуге

жария шарты

 

Алматы қ.

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталып, Жарғы негізінде әрекет ететін Директоры Чухонцев Дмитрий Геннадьевич тұлғасында, бір тараптан, және

Баспананың (жеке тұрғын үй, пәтер, тұрақты тұруға арналып, пайдаланылатын жатақханадағы бөлме) Меншік иесі/Жалдаушы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталып, екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталып, төмендегі туралы қызмет көрсетуге осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

  1. Шарт мәні.
  • «Орындаушы» өзіне ақылы қызметтер көрсету міндеттерін қабылдайды, атап айтқанда:
  1. Пәтер есігі құлыптарын апаттық ашу (кілті жоғалған, құлыптардың жарамсыздығы, ауру немесе жас салдарынан өз бетімен есікті ашуға мүмкіндік жоқ болған жағдайда) – тәулік бойы.
  2. Ауа тартқыш вентиляцияны тазарту (вентиляциялық шахтаның қорабын бөлшектеусіз және құрусыз) – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда.
  3. Жауын кәрізін қоқыстан тазалау – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда.
  4. Төбелерге, терезелер мен балкондарға қауіпті тиіп тұратын диаметрі 10 (он) см дейін ағаштар бұтақтарын – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда кесу.

1.2. Қызметтер Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша оның аула ішіндегі аумақ шеңберінде қажетті техникалық құралдар мен аспаптарды қолданумен көрсетіледі.

1.3.Шарттың орындалу орны: ҚР, Алматы қ..

 

  1. Шартты жасау және бұзу талаптары.

2.1. Шарт осы Шарттың 4.1 т. көрсетілген ай сайынғы сома төленген мезеттен бастап жасалған деп есептеледі.

2.2. Тапсырыс беруші Шартты 5.1.4 т. белгіленген тәртіпте өз бетімен бұзуға құқылы.

 

  1. Қызметтерге өтінім рәсімдеу тәртібі

3.1. Өтінім 109 нөмірі бойынша шұғыл шақыру қызмет телефоны арқылы жазбаша түрде беріледі, онда келесі мәліметтер болуы тиіс:

– осы Шарт бойынша қызметтер көрсету талап етілетін анық мекенжай, орын;

– Тапсырыс берушінің байланыс телефоны;

– Тапсырыс берушінің атауы (Тапсырыс берушінің аты-жөні, заңды тұлғаның атауы).

 

  1. Есеп айырысу тәртібі және мерзімдері.

4.1. Көрсетілетін қызметтер құны ай сайын 70 (жетпіс) теңге құрайды, Алматы қаласы әкімдігінің Қаулысымен бекітілетін тариф бойынша жүзеге асырылады.

4.2. Қызметтер көрсетуге тариф өзгерген жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы 30 күннен кем емес бұрын хабарлайды.

4.3. Есеп айырысу әрбір есептік кезең бойы жасалады. Есептік кезең деп көрсетілген қызмет жасалуы тиіс күнтізбелік күнге тең уақыт кезеңі айтылады.

4.4. Төлемді Тұтынушы есептік айдан кейінгі айдың 15 күнінен кеш емес жасайды.

 

  1. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері.

5.1.  Тапсырыс беруші құқылы:

5.1.1. Осы Шарт бойынша қызметтерді қажетті көлемде және тиесілі сапада Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес алуға.

  • Әрекеті бар тариф пен бағалар туралы ақпарат алуға.
  • Орындаушыдан осы Шарт орындалуы мәселелері туралы кеңестер алуға.
  • Орындаушыға осы туралы 30 күн бұрын жазбаша хабарлап, Орындаушының қызметтерінен бас тартуға.

5.2. Тапсырыс беруші міндетті:

  • Осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін сомаларды уақытылы, осы Шартта белгіленген мерзімде, толық көлемде төлеуге.

5.2.2. Орындаушының ұйғарымдарын орындауға.

5.2.3. Орындаушы өкілдеріне осы Шарт бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат қамтамасыз етуге.

 

6. Орындаушының құқықтары мен міндеттері.

6.1.  Орындаушы құқылы:

6.1.1. Көрсетілген қызметтер үшін төлемді уақытылы және толық көлемде алуға.

6.1.2. Шарттық міндеттемелерді сомасы мен төлем мерзімдері бойынша орындамаған жағдайда Тапсырыс берушіге қызметтерді жеткізуді тоқтатуға.

6.2.  Орындаушы міндетті:

6.2.1. Тапсырыс берушіге қызметтерді қажетті көлемде және тиесілі сапада Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетуге.

6.2.2. Тұтынушының сұранымы бойынша салыстыру актісін ұсынуға.

6.2.3. Аталған қызметтер (жұмыстар) аяқталған соң Тапсырыс берушіге Орындалған жұмыстар актісін ұсынуға.

 

7.Тараптар жауапкершілігі және дауларды реттеу.

7.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік тартады.

7.2. Барлық даулар екі жақты келісім бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

7.3. Осы Шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің ережесіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қарастырылады.

 

8. Шарттың әрекет ету мерзімі.

8.1. Шарт бұқаралық ақпарат құралдарында жаряланған мезеттен бастап күшіне енеді.

8.2.  Шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

 

9. Ерекше талаптар.

9.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен дүлей күштің (дүлей апаттар, зілзалалар, төтенше жағдай режимін енгізу, т.б.) әрекетінен туындаған жағдайлар себебінен босатылады.

9.2. Осы Шарттың күшіне енуі тараптарды оны қабылдауға дейін туындаған өзара міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

9.3. Осы Шарт жария болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 387 б.).

 

  1. Орындаушының заңды мекенжайы және деректемелері.

 

  Алматы қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, 050040.

Алматы қ., Байзақов к-сі, 300

СТН 600400500112

БСН/ЖСН 020240003361

ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік сериясы 60001, 04.09.2014ж. №0075199

ЖСК KZ968560000000092646

“Банк ЦентрКредит” АҚ банкі

БСК KCJBKZKX

Телефондары: 275-39-05,271-32-21, 109

   

Директор

Чухонцев Д.Г.

 

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23