Алматы қаласы әкімдігі 2015 жылғы 31 наурыздағы № 1/198 «Алматы қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен өндірілетін және өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағалар белгілеу туралы» қаулысына сәйкес тұтынушының шақыруы бойынша апаттан құтқару отрядының қызмет көрсетуі үшін ерікті төлемі 70 теңге құрайды.

Ерікті төлем бойынша ұсынылатын қызметтер тізбесіне кіреді:

  1. Пәтер есігі құлыптарын апаттық ашу (кілті жоғалған, құлыптардың жарамсыздығы, ауру немесе жас салдарынан өз бетімен есікті ашуға мүмкіндік жоқ болған жағдайда) – тәулік бойы.
  2. Төбелерге, терезелер мен балкондарға қауіпті тиіп тұратын диаметрі 10 (он) см дейін ағаштар бұтақтарын кесу – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда.
  3. Ауа тартқыш вентиляцияны тазарту (вентиляциялық шахтаның қорабын бөлшектеусіз және құрусыз) – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда.
  4. Жауын кәрізін қоқыстан тазалау – тәуліктің жарық мезгілінде, ауа райы құрғақ болғанда.

Өтініш жүктеу

Скачать договор

Өтініштің толтырылған нұсқасы мен шартты,  Байзақов к., 300 мекенжайы бойынша Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ  «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК 400 кабинетіне алып келу керек.

КОНТАКТЫ  СЛУЖБЫ СПАСЕНИЯ

050040, Республика Казахстан
город Алматы, улица Байзакова, 300

109, +7 (727) 271 44 90

109ssa@mail.ru

КОНТАКТЫ  МЕДИЦИНСКОГО ЦЕНТРА

050004, Республика Казахстан
город Алматы, улица Панфилова, 59

+7 (727) 271-38-91, 273-87-23