Іле Алатауында серуендеуі кезінде жарақаттанған 61 жастағы ер адамды бейсенбі күні Алма Арасан шатқалынан Алматы қаласының құтқарушылары жеткізіп салған.
Құтқарушылар өздігінен қозғала алмайтын адамды тау баурайында 18 сағат 55 минутта жатқан жерінен тауып алған. Сол арада алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен құтқарушылар оны әрі қарай тексеру және қаланың стационарына жеткізу үшін «103» қызметіне тапсырған. Белгілі болғандай, ер адам шатқалға күндізгі уақытта серуендеуге келіп, кешкі уақыттыа еңістен төмен қарай түсетін жерде аяғы тайып құлап, жамбас жарақатын алған.
Алматы қаласы әкімі аппараты ШЖҚ
Алматы қаласының Құтқару қызметі МКК
Баспасөз қызметі